Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекітетін жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні сәрсенбі күні Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, қабылдады.
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада Беларусь премьер-министрі Александр Турчинмен ресми кездесу өткізіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Заң жобасының маңызды жаңалықтарының бірі – Қазақстан аумағында цифрлық қаржы активтерінің айналымына рұқсат беру және оларды реттеу тетіктерін енгізу. Үш түрлі цифрлық қаржы активі айқындалды: базалық активі ақша болып табылатын стейблкоиндер, базалық активі қаржы құралдары, тауар, мүлік немесе мүліктік құқықтар болып табылатын цифрлық активтер, сондай-ақ цифрлық платформаларда электрондық түрде шығарылатын қаржы құралдары.
Ресей делегациясы Президент көмекшісі, РФ Теңіз алқасының төрағасы Николай Патрушевтің жетекшілігімен Индонезияның мемлекеттік порт компаниясы Pelindo басшылығымен кездесу өткізді.
Кувейт Ұлттық гвардиясы әлеуметтік желілерде тараған радиацияның таралуы туралы мәліметтерді жоққа шығарды. Осындай мәлімдеме Катар тарапынан да жасалды.
Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармер Кувейттың тақ мұрагері Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесіп, ел аумағында британдық Rapid Sentry әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру мәселесін талқылады.