Индонезия Ресеймен арнайы бағамен 150 млн баррель мұнай жеткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы индонезиялық Tempo апталығы Джакартаның энергетика және қоршаған орта жөніндегі арнайы өкілі Хашим Джоджохадикусумо мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін дамытуға және оқитын, зияткер ұлт қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған шаралар айқындалатын жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Астанада өткен кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы әскери мүлік пен жеке құрамды Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.
Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі.
Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.
Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.