коучтар, энергопрактиктер, онлайн-мектептердің сертификатын алған псевдопсихологтар қаптады. Халықтың жағдайы қиындаған сайын, ұсынылатын «қызметтердің» түрі де көбейе түсті. Бұл кездейсоқтық емес, заңдылық.
ЕАДБ-ның Қазақстан экономикасына ықпал ету көрсеткіштері таңғалдырады. Соңғы жылдары ел экономикасына салынған 5,2 млрд доллар инвестиция банктің бұған дейінгі он бес жылда салған қаржы көлемімен тең.
Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы мәліметінше, Йемен жағалауына жақын аймақта жүрген кеме экипажы қарулы топтың бортқа көтерілу әрекетінің алдын алды.
Корея Еңбек партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі әрі КХДР басшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон Пхеньянның Оңтүстік Корея ұсынған гуманитарлық медициналық көмекті қабылдамайтынын тағы да мәлімдеді.
Эстонияда орналасқан британдық әскери контингент 250 шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын Nyan ұшқышсыз жүйелерін қару-жарақ құрамына енгізді. Бұл одақтас күштердің алыс қашықтықтағы нысандарға соққы беру мүмкіндігін кеңейтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Қытайда өндірілетін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалануға арналған жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралардың мерзімін тағы бес жылға ұзартты.
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қашуға әрекеттенді. Ол изолятордан шығып үлгергенімен, бостандықта ұзақ жүре алмады – сол күні-ақ ұсталды.