Иран делегациясы Исламабадта АҚШ өкілдерімен келіссөздер өткізгеннен кейін жексенбі күні Пәкістан астанасынан кеткені хабарланды, деп CNN дереккөздерге сілтеме жасап жазды.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Бұхара қаласында өткен бейресми кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжаттарды табыс етті, деп хабарлады Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті орындалуымен құттықтады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Корея Еңбек партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі әрі КХДР басшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон Пхеньянның Оңтүстік Корея ұсынған гуманитарлық медициналық көмекті қабылдамайтынын тағы да мәлімдеді.
Эстонияда орналасқан британдық әскери контингент 250 шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын Nyan ұшқышсыз жүйелерін қару-жарақ құрамына енгізді. Бұл одақтас күштердің алыс қашықтықтағы нысандарға соққы беру мүмкіндігін кеңейтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Қытайда өндірілетін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалануға арналған жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралардың мерзімін тағы бес жылға ұзартты.
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қашуға әрекеттенді. Ол изолятордан шығып үлгергенімен, бостандықта ұзақ жүре алмады – сол күні-ақ ұсталды.