Евразия24ЖаңалықтарТоқаев «Таза ауа» бастамасын Өзбекстанмен бірлесіп іске асыруды ұсынды

Тоқаев «Таза ауа» бастамасын Өзбекстанмен бірлесіп іске асыруды ұсынды

|

|

Астана. 11 сәуір. Интерфакс-Қазақстан – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан ұсынған «Таза ауа» бастамасын қолдап, оны екі елдің бірлесіп жүзеге асыруын ұсынды.

«Таза ауаға қатысты бастамаңызды ерекше атап өткім келеді. Ташкенттің экологиялық жағдайына байланысты алаңдаушылығыңызды толық түсінемін. Алматыда да жағдай өте күрделі. Қала, өкінішке қарай, әлемдегі ең ластанған ірі мегаполистердің қатарына енді. Сондықтан шұғыл шаралар қажет. Егер қарсы болмасаңыз, бүгін осы бастаманы екі ел үкіметтері жүзеге асыратын, президенттердің қамқорлығындағы бірлескен жоба ретінде ұсынар едік», – деді Тоқаев Бұхара қаласында Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу барысында.

Оның айтуынша, бұл бастама қоғам тарапынан да, халықаралық деңгейде де қолдау табуы мүмкін.

«Осы бастама аясында ауқымды жұмыстар атқаруға болады. Бұл жергілікті билік пен кәсіпкерлердің экология мен табиғатты қорғау мәселесіне жауапкершілігін арттырады», – деді Президент.

Тоқаев сондай-ақ Өзбекстан билігінің тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы жұмысын жоғары бағалады.

«Біз бүгін жол-жөнекей заманауи Бұхараны көрдік. Қалада ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Бұл – үлкен еңбектің және ең бастысы, осындай ұлы тарихи мұраға деген мемлекеттік қамқорлықтың нәтижесі», – деді ол.

Президенттің атап өтуінше, 2,5 мың жылдан астам тарихы бар Бұхара ортағасырлық Шығыстың рухани әрі зияткерлік орталықтарының бірі саналады.

«Бұл жерде уақыт тынысы мен адамзат өркениетінің ұлылығы айқын сезіледі. Қазіргі кезеңде Бұхара мыңжылдық дәстүрлер мен жаңа Өзбекстанның серпінді дамуын үйлесімді түрде ұштастырып отыр», – деді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда билікте қалудың құны қандай?

Саяси көшбасшы үшін билікті сақтап қалу – саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлар тоғысқан күрделі міндет. Биліктің тұрақтылығы президентті қолдайтын топтың қаншалықты ауқымды болуына тікелей байланысты. Қолдауға қоғамның қалың тобы қажет болса, билік инфрақұрылымды дамытуға, халық игілігіне арналған жобаларға қаржы бөлуге мүдделі болады. Ал саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ықпалды бірнеше жүз шенеунік пен кәсіпкердің қолдауы жеткілікті болса, олардың әрқайсысына жеке артықшылықтар мен жеңілдіктер беру арқылы мәселені шешуге болады.

Қазақстанда фастфуд жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Президент Үкіметке фастфудтың шектен тыс жарнамалану мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды. «Тағы бір назар аударатын мәселе – қоғамдық кеңістікті жайлаған фастфуд жарнамасы

14 тамыздағы блэкаут: KEGOC-қа қатысты шешім қажет

Қазақстандық энергетиктердің жедел қимылдағанын айтсаңызшы! Бір-бірінен ажырап, бірнеше бөлікке бөлініп кеткен оңтүстік өңірдің электр жүйесін аз уақыттың ішінде қайта қалпына келтірді.

Арман қуып барып, ажал құшты

Шарджада қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан және Жұлдыз Бохановалар қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, олар кісі қолынан қаза болуы мүмкін.