Егер Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдер алдағы үш апта ішінде қалпына келмесе, Еуропалық одақтағы әуежайлар жүйелі түрде жанармай тапшылығына тап болуы мүмкін.
АҚШ пен Израильдің Ирандағы әскери операциясы барысында 125 мыңнан астам азаматтық нысан зақымданған. Бұл туралы жұма күні «Тасним» агенттігі Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Куливандқа сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жол-көлік оқиғалары санының артуы мен дәрігерлер және полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдар мемлекет пен қоғам тарапынан қатаң әрекет етуді қажет ететінін мәлімдеді.
Дональд Трамп Марк Рютте-мен кездесу барысында альянс мүшелерінен Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін шұғыл әрі нақты шаралар қабылдауды талап етті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
ТМД мемлекеттерінің басшылары Авазада өткен саммитте Достастықтың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы жұма күні Түрікменстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің жаңалықтар порталы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Түрікменстандағы «Аваза» ұлттық кешеніне келді. Бұл туралы жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.