Иран Сауд Арабиясы, Пәкістан және Түркия құрған қорғаныс одағына қосылса, Мәскеу мұны оң қадам деп бағалайды. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиетті дамытуға айрықша үлес қосқан жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Майами халықаралық әуежайында Amazon компаниясына жүк тасымалдайтын ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді. АҚШ БАҚ-тарының хабарлауынша, кемінде бес адам қаза тапқан.
Дүйсенбі күні Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор нарықтарында әркелкі үрдіс байқалды.
Мәскеу уақытымен 8:22-де Жапонияның Nikkei 225 индексі 1,9%-ға көтерілді. Бұған жұма күні АҚШ-тағы чип өндіруші компаниялар акцияларының қымбаттауы әсер етіп, жапондық технологиялық компаниялардың бағалы қағаздарына да серпін берді.
Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуіне арналған жаңа бағытты өзара мақұлдады. Жаңа тәртіп таяу күндері жарияланады. Бұл жөнінде Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді.
Еуропалық одақ АҚШ-тың дизель отынын, соның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдап отыр. Еурокомиссияның ресми өкілі Олоф Жилл ЕО мен АҚШ арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тұрақты әрі екі тарапқа да тиімді екенін мәлімдеді.
Бейсенбі күнгі сауда қорытындысында Қытай мен Австралияның қор нарықтары төмендеді. Ал мерекеге байланысты екі күндік үзілістен кейін сауда қайта басталған Жапония нарығы өсім көрсетті.
Қазақстанда этномәдени ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетіле береді, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қалыптастырған тәжірибесі Халық кеңесінің жұмысында пайдаланылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.