Еуразия24
Материалы
Қазақстанды қандай демографиялық өзгерістер күтіп тұр?
Жуырда Халықаралық әлеуметтану және саясат институтының (ХӘСИ) сарапшылары Қазақстанның соңғы 30 жылдағы демографиялық даму қорытындысын шығарып, 2050 жылға дейінгі болжамын ұсынды. Зерттеу нәтижесі ел демографиясында оң өзгерістермен қатар, алдағы кезеңде ескерілуге тиіс бірқатар мәселе бар екенін көрсетеді. Қазақстан халқының саны тұрақты өсіп, өткен жылдардағы көші-қон үдерістерінің салдары біртіндеп еңсеріліп келеді. Алайда ендігі кезеңде халықтың қартаюы, туу көрсеткішінің табиғи түрде төмендеуі және демографиялық өсімнің ел дамуына беретін мүмкіндіктерінің азаюы күтіледі. Ендеше, Қазақстан демографиясында қандай өзгерістер жүріп жатыр? Негізгі көрсеткіштер мен ұзақ мерзімді үрдістерге тоқталып, елді алда қандай демографиялық сын-қатерлер күтіп тұрғанын саралап көрейік.
БҰҰ әлемдегі балалар санына қатысты дерек жариялады
FINANCE.kz сарапшылары әлем елдерінің демографиялық дамуында алшақтық күшейіп келе жатқанына назар аударады. «Әлем біртіндеп халқы өте жас және қартаюы жеделдеген елдер болып жіктеле бастады. Алайда бала санының көп болуы өздігінен елдің әл-ауқатын арттырмайды. Жас ұрпақтың көптігі — экономикалық өсімге жол ашатын мүмкіндік қана.
Үкімет, инфляция және 360 градусқа айналған саясат
Сонымен, жаңа Конституция қабылданды, Құрылтай құрылды, Үкімет құрамы қайта бекітілді. Бір қарағанда, саяси жүйе түгел жаңарғандай. Бірақ төмендегі жағдайға қарасақ, басқа ой келеді.
Анналена Бербоктың кезінде елді күлкіге қарық қылған «360 градусқа бұрылу» деген әйгілі сөзі естеріңізде болар. Сол кезде ақпарат құралдары «жасылдар» партиясы жетекшісінің мектепте алған білімін біраз сөз қылған еді. Алайда Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі абайсызда айтқан сол сөзіне өзі ойламаған терең мағына сыйғызып жібергендей.
Расымен де, бір нүктені айнала 360 градусқа толық бұрылған нысан ақыр соңында бастапқы қалпына қайта келеді. Бірақ бұл орнында тапжылмай тұру деген сөз емес. Керісінше, бар жылдамдықпен бір орында шыр айналу. Мұндай айналыстан біреудің басы айналмай қоймайды, енді бірі шеңберден шығып та қалады. Әзірге қызметінен айырылғандардың қатарында Мәжілістің бұрынғы төрағасы мен Сенаттың экс-спикері бар.
Саясаттанушы: АдГ-ның сайлаудағы жеңісі Мерцтің саяси беделіне соққы болды
Өткен жексенбіде Саксония-Анхальт жерінің парламентіне өткен сайлауда оңшыл оппозициялық «Германия үшін балама» (АдГ) партиясы жоғары нәтиже көрсетті. Саясаттанушы-германист Александр Камкиннің пікірінше, бұл партияның Германияның шығыс өңірлеріндегі ғана емес, батыс аймақтарындағы да ықпалын арттыруы мүмкін.
Мұнай бағасы Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында өсті
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қараша айына арналған фьючерстері барреліне 97,49 доллардан саудаланды. Бұл алдыңғы сауда қорытындысымен салыстырғанда 1,21 долларға немесе 1,26%-ға жоғары.
Еще от автора
АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайды
Бейсенбі күні АҚШ доллары еуро, фунт стерлинг және иенаға қатысты нығайды.
ЕО АҚШ-тың дизель отыны экспортына тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдаушылық білдірді – Еурокомиссия
Еуропалық одақ АҚШ-тың дизель отынын, соның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдап отыр. Еурокомиссияның ресми өкілі Олоф Жилл ЕО мен АҚШ арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тұрақты әрі екі тарапқа да тиімді екенін мәлімдеді.
Қытай мен Австралияның қор индекстері төмендеп, жапониялық Nikkei өсті
Бейсенбі күнгі сауда қорытындысында Қытай мен Австралияның қор нарықтары төмендеді. Ал мерекеге байланысты екі күндік үзілістен кейін сауда қайта басталған Жапония нарығы өсім көрсетті.
Тоқаев этномәдени бірлестіктерге қолдау жалғасатынын айтты
Қазақстанда этномәдени ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетіле береді, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қалыптастырған тәжірибесі Халық кеңесінің жұмысында пайдаланылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.




