Еуразия24

Материалы

АҚШ пен Жапонияның жаңа мәмілесі: Еуропаға белгі ме?

АҚШ-та бүгінгі күн Трамп әкімшілігінің Күншығыс елімен сауда келісіміне қол жеткізгені туралы жағымды жаңалықпен басталды. Бұл хабар қорнарығында айтарлықтай серпіліс тудырып, америкалық компаниялар акцияларының құны едәуір өсті. Бүгінгі сауда алаңындағы өсім ерекше қарқынмен байқалды. Бұған АҚШ пен Жапония арасындағы тарифтік келісім түрткі болды. Аталған мәміле Вашингтонның Атлант кеңістігіндегі негізгі әріптесі — Еуропалық одақпен де сауда келісімін жасасуға бір қадам жақындай түскенін аңғартады.

Қайырымдылық атын жамылған қылмыс: 3,5 млрд теңгелік алаяқтыққа үкім шықты

Қылмыстық істер бойынша шығарылған мұндай қатаң үкімдер, көбінесе, жымқырылған қаражаттың көлеміне ғана емес, қоғамның қайырымдылық саласына және мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіргені үшін тағайындалады. Бұл екі сала – тікелей байланыспаса да, зардап шеккен азаматтардың санының көп болуы екеуіне де ортақ сипат. Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот процесі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Сот отырысы кезінде Перизаттың тәкаппарлық танытқаны байқалды.

Сауда орталықтары көбеюде, зауыттар азаюда

2025 жылдың бірінші жарты жылдығында елімізде жалпы аумағы 124 мың шаршы метр болатын 17 сауда-ойын-сауық орталығы іске қосылды. Аталмыш көрсеткіштер – саны жағынан да, жалпы ауданы бойынша да – соңғы он жылдағы қаңтар-маусым кезеңінде тіркелгенең жоғары деңгейге жетті. Аумағы жағынан бұл көрсеткіш соңғы он жылдың толық нәтижелерімен салыстырғанда, 2019 және 2023 жылдардан басқа кезеңдердің барлығынан асып түсті. Айта кету керек, 2023 жылы тіркелген көрсеткіштің басым бөлігін, шамамен 60%-ын Алматы қаласындағы бір ірі нысан қамтамасыз еткен.

Зейнетақы жүйесінің тығырығы: реформа қажет пе?

Тағы бір маңызды жайт – зейнетақы жүйесін толықтай жинақтаушы форматқа ауыстыру көзделіп отырғанымен, мемлекеттік бюджетке түсетін зейнетақылық жүктеме әлі де едәуір деңгейде қалып отыр. Бюджеттен бөлінетін зейнетақы төлемдерінің жалпы көлемі 6 триллион теңгеден асса, БЖЗҚ тарапынан 2024 жылы жасалған төлемдер – 600 миллиард теңгеге де жетпейді. Яғни, Қордың үлесі 10%-дан төмен. Бұған қоса, әлеуметтік жәнеміндетті салықтар зейнетақы төлемдерінің 70%-ын ғана өтейді, ал БЖЗҚ-дан төленетін барлық төлемдер (700 млрд теңгеден аз) жаңадан түскенжарналардың (2,8 трлн теңге) төрттен бірін ғана құрайды. БЖЗҚ-ның өз талдауына сүйенсек, 65 жастағы және одан асқан адамдардың үлесі 9,2%-дан 2050 жылға қарай 13,6%-ға жетпек. Ал еңбекке қабілетті жастағылар мен зейнеткерлердің арақатынасы 1,5 есеге қысқарады: 2050 жылы әрбір бесінші қазақстандықтың жасы 60-тан жоғары болады. Алайда, 2025 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша, жасы бойынша зейнетке шыққандардың ішінде БЖЗҚ-дан тұрақты төлем алып отырғандар саны – небәрі 521 мың адам.

ЕАЭО шектеулері: санкциялар ма, сауда саясаты ма?

Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізген тұрақты мониторинг қорытындысы бойынша «Сауда» порталында Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттеріне қатысты үшінші тараптардың шектеу шараларының жаңартылған тізілімі жарияланды. Анықталған шектеу шараларының саны қазіргі уақытта 271-ге жетіп отыр.

Еще от автора

Саясаттанушы Рар: АдГ партиясы Германияның батыс өңірлерінде де күшейіп келеді

Германиядағы «Германия үшін альтернатива» (АдГ) партиясы тек шығыс емес, батыс өңірлерде де ықпалын арттырып келеді.

Оңтүстік Корея воны 17 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

Дүйсенбі күні Сеулдегі сауда-саттық барысында АҚШ долларына қатысты оңтүстіккореялық вона 17 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін әлсіреді.

Тоқаев қазақстандықтарды су айдындарын тазалау экологиялық акциясына қатысуға шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысып, су айдындарының жағалауын тазалауға шақырды.

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.