Өкінішке қарай, ведомство енді қажетсіз деп танылған форумдар мен жиындарға бюджеттен қанша қаржы кеткенін нақтылаған жоқ. Дегенмен, біздің ойымызша, педагогика — шығармашылық сала, сондықтан озық тәжірибе алмасу оқыту әдістемесін жетілдіру үшін аса маңызды.
Солтүстік Еуропа елдері Солтүстік полюс арқылы Азия мен Солтүстік Америкаға дейін суасты интернет-кабель жүйесін тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады жексенбі күні Швецияның SVT телеарнасы.
Франция президенті Эмманюэль Макрон Үндістанға ресми іс-сапармен барып, премьер-министр Нарендра Модимен кездесу өткізеді, деп хабарлады Bloomberg жексенбі күні.
АҚШ Қарулы Күштері ирандық шикізатты заңсыз тасымалдаумен айналысуы мүмкін «Veronica III» кемесін ұстады. Ведомство мәліметінше, аталған су көлігі Президент Трамп бекіткен карантин режимін бұзып, қадағалаудан жасырынбақ болған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Бельгия арасында ешқандай саяси келіспеушілік жоқ. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге берік негіз қалайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.