АҚШ қор нарығындағы индекстер сейсенбі күнгі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады: Dow Jones өсіп, жаңа тарихи рекорд орнатса, S&P 500 және Nasdaq төмендеді.
Украина билігі президент сайлауын, сондай-ақ Ресеймен жасалуы мүмкін бейбіт келісімге қатысты референдум өткізуді жоспарлауға кірісті. Бұл туралы Financial Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста Перу Республикасымен қылмыстық-құқықтық салада жасалған үш халықаралық шартты ратификациялау туралы заңдарды қабылдады.
Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемдеп тұтыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.
Іс жүзінде ЕАЭО аумағында «жасырын» транзитке қарсы іс-қимылдың практикалық кезеңі басталуда. Антиресейлік санкциялар жағдайында Одақтың өзге елдерінің екінші деңгейлі санкцияларға ілігу тәуекелдері барынша азайтылмақ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Бельгия арасында ешқандай саяси келіспеушілік жоқ. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге берік негіз қалайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.