Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары бейсенбі күнгі жалпы отырыста Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және оған мүше мемлекеттер мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы заңды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 25,8 мың отбасының 138,1 мың мүшесіне тағайындалған.
Ана тілін ардақтау, елден жырақта жүрсе де Отанын ұмытпаған балаларға деген қамқорлық – елордалық ұстаздың ісінен айқын көрінеді. Оның бастамасы өзгелерге үлгі боларлық азаматтық ұстанымды көрсетеді.
Мұндай құбылыс сирек кездеседі, алайда мәжілісте ҚТЖ басқарушы директоры Дайыр Көшеров пен депутаттар арасында болған пікірталас желіде тарағанына үш ай өтсе де, қаралым мен пікірлер саны әлі де артып келеді.
PROTENGE мәліметінше, «8–11 қазан аралығында Ресейдегі «Яндекс» компаниясының деректерді өңдеу орталықтарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуылдар Қазақстандағы компания қызметтерінің жұмысына да әсер етті. (...) 11 қазанда тұрғындар такси шақыру, дайын ас пен азық-түлікке тапсырыс беру кезінде қиындықтарға тап болды.
Atameken Business мәліметінше, мектеп оқушыларына сәлемдесу әдебін үйретуге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр. Оқу құралын дайындау барысында ғалымдардың, сарапшылардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен білім беру саласы мамандарының пікірлері ескерілмек.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған жазба тарады. Онда белгісіз адамдардың басына қап кигізілген адамды сыртқа көтеріп алып шыққаны көрінеді. Енді бұл оқиғаның адам өлтіру қылмысына қатысы бар екені белгілі болды.
Қазақстан мен Бельгия көлік және логистика, аса маңызды минералдар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.