Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия құрлығындағы стратегиялық тұрақтылық пен сенім шаралары мәселелері бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) министрлерінің конференциясын өткізуді ұсынды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразияда заманауи көлік-логистика жүйесін жедел қалыптастырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) көлік байланысын дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында мүше мемлекеттердің университеттері, ғылыми мекемелері мен технологиялық компанияларын біріктіретін жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қызметі әскери-саяси блоктарға тән ұстанымдарға негізделмейтінін және ешбір мемлекетке қарсы бағытталмағанын мәлімдеді.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімімен Каспийде әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Еуропалық одақ АҚШ-тың дизель отынын, соның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдап отыр. Еурокомиссияның ресми өкілі Олоф Жилл ЕО мен АҚШ арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тұрақты әрі екі тарапқа да тиімді екенін мәлімдеді.