Сирияның оңтүстігіндегі Эс-Сувейда провинциясында елдің қауіпсіздік күштері мен друздардың қарулы тобы арасында атыс болды, деп хабарлады сейсенбі күні The National басылымы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия құрлығындағы стратегиялық тұрақтылық пен сенім шаралары мәселелері бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) министрлерінің конференциясын өткізуді ұсынды.
Еуропалық одақ АҚШ-тың дизель отынын, соның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдап отыр. Еурокомиссияның ресми өкілі Олоф Жилл ЕО мен АҚШ арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тұрақты әрі екі тарапқа да тиімді екенін мәлімдеді.
Бейсенбі күнгі сауда қорытындысында Қытай мен Австралияның қор нарықтары төмендеді. Ал мерекеге байланысты екі күндік үзілістен кейін сауда қайта басталған Жапония нарығы өсім көрсетті.
Қазақстанда этномәдени ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетіле береді, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қалыптастырған тәжірибесі Халық кеңесінің жұмысында пайдаланылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.