Еуразия24

Материалы

Иран әскері Кувейт, Ирак, Иордания және Бахрейндегі АҚШ базаларына соққы жасады

АҚШ шабуылдарынан кейін Иран әскері Кувейт, Ирак, Иордания және Бахрейн аумағындағы америкалық әскери нысандарға жаңа соққылар жасады. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Telegram арнасында хабарлады.

БҰҰ Халықаралық көгалдандыру күнін белгіледі

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен әзірленген «Планетаны көгалдандырудың халықаралық күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді Планетаны көгалдандырудың халықаралық күні деп жариялады.

Конституциялық сот өмір бойына кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салу мәселесін қарастыруда

«Конституциялық сот белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу нормасының Конституцияға сәйкестігін тексереді. Конституциялық сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады. Өтініш иесінің пікірінше, мемлекеттік қызметші болып саналмайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісіне тән белгілері жоқ адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу әділдік, жауапкершіліктің мөлшерлестігі мен оны жеке даралау қағидаттарына қайшы келуі мүмкін.

Құрылысқа артылған үміт: Қазақстан Қытайдың қателігін қайталамай ма?

31 тамызда Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды. Біздің ойымызша, бұл таңдауға бірнеше себеп бар. Бектенов — күштік құрылымдарда шыңдалған технократ. Жоғарыдан берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң талап етіп, мемлекеттік аппараттағы тәртіпті сақтай алады, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор арасындағы күрделі мәселелерді ушықтырмай шешуге бейім. Алайда басқаруға қолайлы басшы болу экономикалық шешімдердің әрдайым терең әрі сапалы болатынын білдірмейді. Қайта тағайындалуына санаулы күн қалғанда, 25 тамызда Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен республикалық бюджет жобасы мақұлданды. Бұған дейін осы тақырыпқа қатысты экономист Айдархан Құсайыновтың пікірін қысқаша жариялаған едік . Құжаттар әзірге қолжетімді емес. Сондықтан сол отырыста айтылған мәлімдемелерге сүйеніп, жағдайды бағамдап көрейік.

Украинадан Албанияға дейін: халықаралық есірткі желісі әшкереленді

Қазақстан полициясының азаматтарды трансұлттық есірткі желісіне тартқан ірі халықаралық арнаны әшкерелеуге бағытталған арнайы операциясы сәтті аяқталды.

Еще от автора

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайды

Бейсенбі күні АҚШ доллары еуро, фунт стерлинг және иенаға қатысты нығайды.

ЕО АҚШ-тың дизель отыны экспортына тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдаушылық білдірді – Еурокомиссия

Еуропалық одақ АҚШ-тың дизель отынын, соның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдап отыр. Еурокомиссияның ресми өкілі Олоф Жилл ЕО мен АҚШ арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тұрақты әрі екі тарапқа да тиімді екенін мәлімдеді.

Қытай мен Австралияның қор индекстері төмендеп, жапониялық Nikkei өсті

Бейсенбі күнгі сауда қорытындысында Қытай мен Австралияның қор нарықтары төмендеді. Ал мерекеге байланысты екі күндік үзілістен кейін сауда қайта басталған Жапония нарығы өсім көрсетті.

Тоқаев этномәдени бірлестіктерге қолдау жалғасатынын айтты

Қазақстанда этномәдени ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетіле береді, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қалыптастырған тәжірибесі Халық кеңесінің жұмысында пайдаланылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.