Финляндия билігі Ресеймен шекарадағы қоршау құрылысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды елдің Yle телерадио корпорациясы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі көмір мен электр энергиясын өндіру саласына 20 наурызға дейін ұлттық жоба мәртебесін беруді тапсырды.
Қазақстан Ресеймен және басқа да елдермен бірлесіп қыркүйек айында «Ұлы Алтай – түркілердің ата қонысы» тақырыбында конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ бірпалаталы парламентті «Құрылтай» деп қайта атау идеясын қолдап, оның 145 депутаттан тұратынын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын іске асыру, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Польша президенті Кароль Навроцкий сәрсенбі күні Марцин Беректің Конституциялық сот судьясы ретінде ант беру рәсіміне қарсылық білдірді, деп хабарлайды Polsat телеарнасы.