Өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар үшін бұл – жағымды жаңалық. Себебі бірқатар медициналық бұйымдар белгіленген мерзімде тіркеуден өте алмай, нарықта, әсіресе жедел медициналық қызмет пен ауруханалар сияқты бюджеттік ұйымдарда, тапшылық туындау қаупі болған еді.
«Неге Бейбіт Қазақстанда соғыс жүргізіп жатқан Ресейдегідей бюджет тапшылығы бар?» – деген жүргізушінің сауалына, «Мұндай жағдай болады…», – деп жауап береді «Гиперборея» жобасының тұрақты сарапшысы Рахымбек Әбдірахманов, «… егер сіз санкциялар бойынша әлем чемпионымен көрші болсаңыз».
Червинскийдің әріптесі, мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов өз арнасында «қараша айындағы КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан келген залал, шығын және алынбай қалған мұнай мен газ кірісі қазірдің өзінде 1,5 млрд АҚШ долларынан асты» деп жазды.
Қазақстанның Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2025 жылы қорғаныс ведомствосының қызмет қорытындылары туралы есеп берді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Қазыxанды АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу барысында өзінің өкілі етіп тағайындады, деп хабарлады жұма күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
14 қазанда алдымен әлеуметтік желілерде, кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жаппай ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады. Артынша бұл жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі де растады. Жедел ішек инфекциясына күдікпен 48 бала ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Тағы бірнеше оқушы сақтық шарасы ретінде мектеп интернатында оқшауланды.
Қазақстанның бір палаталы парламенті – Құрылтай сәрсенбі күні «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын іске асыру, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.