Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, ол елдегі криминогендік жағдай мен ІІМ алдында тұрған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбі күні хабарлады.
Мәжіліс сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасының Токио қаласында 2011 жылғы 26 қарашада қол қойылған Жоғары білім саласындағы біліктіліктерді тану жөніндегі Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын (Токио конвенциясы) ратификациялау туралы заңын қабылдады.
Халықаралық еуразиялық форумдар Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) нығайту мен дамытуда маңызды рөл атқарады және Еуразияны өзара байланысқан, бәсекеге қабілетті өндірістік, логистикалық және көлік макроөңіріне біртіндеп айналдыруға ықпал етеді.
Geoenergetika INFO порталының хабарлауынша, Венгрия энергетикалық ресурстарды импорттау құқығын қорғауға дайын. Елдің сыртқы істер министрі Петер Сийярто мәлімдегендей, егер Ресейден мұнай мен газ импорттауға тыйым салу шарасы қабылданса, Будапешт бұл шешімге қатысты сотқа жүгінбек.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.
Бұл – «Еуразия24» редакциясы мен оқырман-тыңдармандарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі, бәріміз үшін аса маңызды жетістік. Осы марапат шамамен екі жыл бұрын жұмысын бастаған ақпараттық-сараптамалық жобамыздың өз орнын тапқанын айғақтайды. Сонымен бірге бұл – алдағы уақытта да үлкен жауапкершілік жүктейтін зор сенім.