Қазақстандықтарға біржолғы зейнетақы төлемдерін ипотеканы өтеуге пайдалануға рұқсат беріледі. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына түзетулер әзірледі.
Минск қаласындағы «Победа» кинотеатрында Беларусьтегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Лiстапад» Минск халықаралық кинофестивалі аясында Қазақстан кинематографиясы күніне орай «Дос-Мұқасан» музыкалық драмасының көрсетілімі өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдап, осы аптада Мәскеуге жоспарланған сапарына дайындық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
АҚШ президенті Дональд Трамп 2020 жылғы президенттік сайлауға заңсыз араласқан деп айыпталған өзінің бірнеше ондаған жақтасын, оның ішінде бұрынғы кеңесшісі және адвокаты Руди Джулианиді кешірді.
Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.