Сарапшы Бақберген Тоқтасын хабарлайды: “Соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай экономикалық өсім көрсетті – нақты ішкі жалпы өнім 55 пайызға өсті, ал ағымдағы бағалармен есептегенде шамамен бес есеге артты.
Олжас Байділдинов бұл болжамын ЛУКОЙЛ-дың шетелдік активтерін Gunvor компаниясы сатып алмақ болғаны, бірақ АҚШ тарапынан бұл мәміле бұғатталғаны жайлы ақпарат тарағанға дейін жариялаған болатын.
Бір қарағанда, үкіметтің отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған әрекеттері қисынды әрі патриоттық қадам болып көрінеді. Алайда олай емес. Себебі қолданыстағы экспортқа тыйымдар мен шектеулер жағдайында мұндай риторика қосарлы әсер қалдырады.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, Анкара мен Вашингтон Түркияның F-35 жойғыш ұшақтарын өндіру бағдарламасынан шығарылуына қатысты мәселелерді шешу бағытында жұмыс жүргізіп, бұл бағытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді.
Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.