Үш тайконавттан тұратын “Шэньчжоу-20” басқарылатын ғарыш кемесі сәрсенбі күні Қытайдың ұлттық “Тяньгун” орбиталық станциясынан ажыраған соң Жерге оралады, деп хабарлады Қытайдың басқарылатын ғарыштық ұшулар бағдарламасы басқармасы (CMSA).
Қазақстан Беларусьпен ынтымақтастықтың табысты дамуына мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен кездесуде айтты.
Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.