Заң жобасының маңызды жаңалықтарының бірі – Қазақстан аумағында цифрлық қаржы активтерінің айналымына рұқсат беру және оларды реттеу тетіктерін енгізу. Үш түрлі цифрлық қаржы активі айқындалды: базалық активі ақша болып табылатын стейблкоиндер, базалық активі қаржы құралдары, тауар, мүлік немесе мүліктік құқықтар болып табылатын цифрлық активтер, сондай-ақ цифрлық платформаларда электрондық түрде шығарылатын қаржы құралдары.
Ресей делегациясы Президент көмекшісі, РФ Теңіз алқасының төрағасы Николай Патрушевтің жетекшілігімен Индонезияның мемлекеттік порт компаниясы Pelindo басшылығымен кездесу өткізді.
Экономист Руслан Сұлтанов былай деп жазады: «Президенттің “Экономиканы ырықтандыру туралы” Жарлығының орындалуын қайта қарастырып, оның негізгі бағыттарын кезең-кезеңімен талдап, оқырман назарына ұсынбақпын.
Zakon.kz сайты жаңа банк заңына қатысты Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельеваның пікірін келтіреді. Оның айтуынша, банк секторын реттеуде жаңа тәсіл – мінез-құлықты қадағалау енгізілмек.
Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.
Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.