Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында гранттың бір адамға берілетін нақты сомасы көрсетілмеген – ал ол 400 МРП (1 572 800 теңге) деңгейінде және мемлекет ұқсас көлемдегі гранттарды жыл сайын бөледі. Осы орайда «бюджеттен бөлінген инвестициялар қаншалықты тиімді?» деген сауал туындайды.
2023 жылы желтоқсанда Мәжілісте агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткен кезде, Ұлттық банк төраға орынбасары Виталий Тутушкин елімізде ауыл шаруашылығын несиеге қаржыландыруға бағытталған институттардың бұрынғы тәжірибесін еске салды .
БРИКС — бұл НАТО сияқты әскери одақ та, G7 секілді ауқатты мемлекеттердің жабық клубы да емес. Бұл — әлемнің ең ірі он бір дамушы экономикасын біріктірген экономикалық және саяси серіктестік. Тарихи кеңеюден кейін бұл альянс бүгінде жер бетіндегі халықтың жартысына жуығын қамтып отыр әрі сатып алу қабілеті паритеті бойынша әлемдік жалпы ішкі өнімнің 40 пайызынан астамын иелік етеді. Мұндай деректерді елемеу мүмкін емес. Дегенмен, бұл көрсеткіштердің тасасында одан да терең мақсат жатыр — әлемдік жүйенің құрылымдық негіздерін қайта қарауға жасалған талпыныс.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб Астанада өтетін келіссөздер барысында екіжақты іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды қарастырады.
Семейде қоқыс контейнеріне тасталып, суықтан көз жұмған нәрестенің әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал анасы рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босатылды.
ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, қазақстандықтарға eGov Mobile арқылы әлеуметтік жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту ұсынылып отыр. «Бүгінге дейін SMS хабарламалар алған 200-ден астам азамат әлеуметтік көмекке мұқтаж емес екенін айтып, жәрдемақыдан бас тартқан.
DF Peak танкерінің басып алынуына Кремль еуропалық «серіктестеріне» қарсы күш қолдану арқылы жауап беруге тиіс. Әйтпесе Ресей Федерациясының сыртқы саудасы ғана емес, халықаралық теңіз қатынасы да зардап шегеді. Ресейге қарсы саясат ұстанған мемлекеттер мұндай әрекеттердің салдары жөнінде әлдеқашан ескертілген. Алайда олар бұл ескертулердің барлығын ашық түрде елемей отыр. Егер Мәскеу Батыс елдерінің халықаралық теңіз жолдарындағы қарақшылық әрекеттеріне тосқауыл қоймаса, оның зардабын әлемдік саудаға қатысушылардың барлығы тартуы мүмкін.
Еуропалық одақтың қолдауымен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалауға бағытталған үш жылдық бастама қолға алынды. «Жоба Ұлттық экономика министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еліміздің бес өңірінде – Абай, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында жүзеге асырылады.