Кремль Ресей мен АҚШ саммиті «болмай қалды» деп есептемейді. АҚШ президенті Дональд Трамп мұндай кездесудің болашақта өту мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқан, ал бұл көзқарасты Ресей президенті Владимир Путин де қолдайды.
Қазақстан «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді.
Өзбекстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі диалог аясында алғашқы келіссөздерін өткізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады
Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметінше, қыркүйек айында елдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға өсті.
«Кремльдің білім беру саласындағы идеологиялық мақсаттарының ауқымы басып алынған аумақтардағы әлеуметтік жағдайға сай келмейді. Өйткені қазір бұл жерлерде негізінен әскери қызметшілер мен зейнеткерлер тұрады».