АҚШ билігі ХАМАС қозғалысын қарусыздандыру қажеттігін бұрынғысынша маңызды деп санайды және Газа секторындағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі жоспарды ілгерілетуге дайын. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Еуропалық комиссия (ЕК) дүйсенбі күні Инновациялық қордың конкурсы аясында зиянды шығарындыларды нөлдік деңгейге жеткізуге бағытталған 77 еуропалық жоба іріктелгенін хабарлады. Оларға жалпы сомасы 3,4 млрд еуро көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню демалыс күндері болған тәртіпсіздіктерден кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дүйсенбі күні кешке елдің бірқатар ауданында коменданттық сағат енгізілетінін хабарлады.
Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 17 қазандағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,47%-ға жетті. Бұл туралы Еуропаның газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы Gas Infrastructure Europe (GIE) хабарлады.