Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен мемлекеттік органдарға сирек және сирек жер металдарын қоса алғанда, стратегиялық маңызы бар минералдық шикізат саласын жүйелі түрде дамытуды тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Еурокомиссия жылыту маусымы басталғанға дейін жерасты қоймаларындағы газ қорын қажетті деңгейге жеткізу үшін ЕО елдерімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Еурокомиссияның ресми өкілі Эва Хрнчирова мәлімдеді.
АҚШ-та алкогольді ішімдік ішетін тұрғындардың үлесі былтырғы деңгейде қалып, 54%-ды құрады. Бұл туралы қоғамдық пікірді зерттеумен айналысатын Gallup компаниясының сауалнама нәтижелерінде айтылған.
Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аяқталды. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына есептелген 217 жаңа мектеп бой көтерді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Алматыда өткен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумының қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтары жұма күнгі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі және Оңтүстік Кореядағы биржалар мемлекеттік мерекелерге байланысты жұмыс істемеді.
Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы, Ресей президентінің шет елдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөзді жалғастырып жатыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіптік парк құрылысының басталуына қатысты, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.