Евразия24ЖаңалықтарАҚШ-та алкоголь тұтынатындар үлесі бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге түсті

АҚШ-та алкоголь тұтынатындар үлесі бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге түсті

|

|

Нью-Йорк. 20 тамыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ-та алкогольді ішімдік ішетін тұрғындардың үлесі былтырғы деңгейде қалып, 54%-ды құрады. Бұл туралы қоғамдық пікірді зерттеумен айналысатын Gallup компаниясының сауалнама нәтижелерінде айтылған.

Бұл – Gallup осы тақырыпта сауалнама жүргізе бастаған 1939 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, пандемиядан кейін алкогольді ішімдіктерге сұраныстың тұрақты төмендеуі салаға айтарлықтай әсер етті. Бұған алкогольдің денсаулыққа зияны туралы ақпараттың кең таралуы да ықпал еткен. Сонымен қатар құрамында тетрагидроканнабинол бар сусындар секілді балама өнімдердің танымалдығы артып келеді. Отбасы бюджетінің қысқаруына байланысты америкалықтар міндетті емес шығындарды азайтып, алкогольге де бұрынғыдан аз қаражат жұмсай бастаған.

Соңғы жылдары алкоголь тұтынудың азаюы Brown-Forman Corp., Molson Coors Beverage Co. және Boston Beer Co. секілді компаниялардың сауда көлеміне кері әсер етіп, акцияларының айтарлықтай арзандауына әкелді.

1997–2023 жылдар аралығында алкогольді ішімдік ішетінін айтқан америкалықтардың үлесі тұрақты түрде 60%-дан жоғары болған. Мәселен, 2023 жылы респонденттердің 62%-ы ара-тұра алкоголь тұтынатынын айтқан. Ал сауалнамада бұл сұраққа теріс жауап бергендер алкогольден толық бас тартқан адамдар ретінде есептеледі.

Бұған дейінгі ең төмен көрсеткіш 1958 жылы тіркеліп, 55%-ды құраған. Ал 1974–1981 жылдары алкоголь тұтынатындардың үлесі ең жоғары деңгейге жетіп, 68–71% аралығында болған.

Сауалнама америкалықтардың алкогольдің денсаулыққа кері әсері туралы көзқарасы да өзгергенін көрсетті. Биыл респонденттердің 51%-ы алкогольді денсаулыққа зиян деп санайтынын айтқан. 2020 жылға дейін мұндай пікір білдіргендердің үлесі 30%-ға да жетпеген.

Gallup сауалнамасы 1–19 шілде аралығында телефон арқылы жүргізілді. Оған 18 жастан асқан 1,2 мыңға жуық адам қатысты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс Каспийдегі оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізу кезінде елеулі кемшіліктер болғанын анықтады

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті оқу-жаттығуда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінде жүргізілген аудит нәтижелерімен танысты

Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын анықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудиттің барысы туралы есеп берді, деп хабарлады дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Әлемдегі мұнай қоры қауіпті деңгейге дейін азайды – Saudi Aramco

Мұнай жеткізуде іркіліс болған жағдайда оның салдарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін әлемдік мұнай қоры «алаңдатарлықтай төмен» деңгейге дейін азайды. Бұл туралы Сауд Арабиясының мемлекеттік Saudi Aramco компаниясының басшысы Амин Насер мәлімдеді.