Сирия «Абу-ад-Духур» әуе базасындағы әскери күшті арттыру мәселесінде Түркиямен бірлескен жұмыс жүргізбеген. Соған қарамастан Израиль аталған нысанға соққы жасады.
Қытай АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті санкциялар мен қысым арқылы емес, келіссөз жолымен реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.
Әйелге қол көтеру – ерлік емес. Қоғамда болып жатқан кейбір оқиғалар жанға батады. Әсіресе әйел адамның өз отбасында зорлық-зомбылық пен қорлық көруі алаңдатады. Әйел – отбасының ұйытқысы. Ол – бір әулеттің аялап өсірген қызы, ардақты ана, сүйікті жар. Жаңа шаңыраққа келгенде ол өзін қорғайтын, жылуы мен мейірімі мол орта табарына сенеді.
OpenAI 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ChatGPT for Teens нұсқасын таныстырды. Жаңа режимде суицид, өзіне зиян келтіру, сексуалдық және романтикалық сипаттағы тақырыптарға қатысты шектеулер күшейтілген. Сондай-ақ чат-бот жасөспірімге өзін сезімі мен санасы бар немесе пайдаланушыға эмоциялық тұрғыда жақын тіршілік иесі ретінде көрсетпеуі тиіс.
Алматыда өткен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумының қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтары жұма күнгі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі және Оңтүстік Кореядағы биржалар мемлекеттік мерекелерге байланысты жұмыс істемеді.
Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы, Ресей президентінің шет елдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөзді жалғастырып жатыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіптік парк құрылысының басталуына қатысты, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.