Евразия24ЖаңалықтарҚытай АҚШ пен Иранды мәселені келіссөз арқылы реттеуге шақырды

Қытай АҚШ пен Иранды мәселені келіссөз арқылы реттеуге шақырды

|

|

Пекин. 20 тамыз. ИНТЕРФАКС – Қытай АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті санкциялар мен қысым арқылы емес, келіссөз жолымен реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзяньға сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған ауқымды экономикалық шаралар қолданылатынын мәлімдегеннен кейін Бейжің тараптарды жағдайды ушықтырмай, саяси және дипломатиялық шешім іздеуге шақырды.

Линь Цзянь санкциялар мен қысымның қалыптасқан мәселені шешпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, тараптар жауапкершілік танытып, келіссөзге басымдық беруі қажет.

Бұған дейін Дональд Трамп Иранға экономикалық …
[14:17, 20.08.2026] Сая Евразия: Сирия Израиль соққы жасаған әуе базасына түрік әскерін орналастыру жоспары болмағанын мәлімдеді

Вашингтон. 20 тамыз. ИНТЕРФАКС – Сирия «Абу-ад-Духур» әуе базасындағы әскери күшті арттыру мәселесінде Түркиямен бірлескен жұмыс жүргізбеген. Соған қарамастан Израиль аталған нысанға соққы жасады. Бұл туралы Сирия Сыртқы істер министрі Асаад аш-Шибани Axios порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Ол жерде Түркияның әскери базасын құру, түрік әскерінің тұрақты орналасуына жағдай жасау немесе осы аумаққа Түркияның әскери бөлімдерін орналастыру жоспарда болған жоқ», – деді аш-Шибани.

Министрдің айтуынша, әуе базасында тек соғыс кезінде бүлінген аэродром мен оның инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

«Базада Түркияның әскери күштері болған жоқ. (…) Нысан іс жүзінде бос тұрды. Қалпына келтіру жұмыстары әлі аяқталмағандықтан, база толыққанды жұмысқа кіріскен жоқ», – деді ол.

Аш-Шибани қазіргі уақытта Сирияның әскери және азаматтық құрылымдарын қалпына келтірумен айналысып жатқанын және бұл бағытта тек Түркиямен ғана емес, бірқатар мемлекетпен ынтымақтастық орнатқанын айтты.

«Мұндай ынтымақтастық Сауд Арабиясы, Иордания, Катар және Ресеймен де жүргізілді және әлі де жалғасып келеді», – деді министр.

Ол Сирияның егемен мемлекет екенін және кез келген елмен ынтымақтастық орнатуға құқылы екенін атап өтті.

«Біз АҚШ тарапына Израильдің Сирияға қатысты ниетіне сенімсіздікпен қарайтынымызды ашық жеткіздік. Израильдің қазіргі саясаты, соның ішінде әскери шиеленісті күшейтуі мен жергілікті жердегі әрекеттері Сириядағы және жалпы өңірдегі тұрақтылыққа кері әсер етеді деп есептейміз», – деді Сирия СІМ басшысы.

Оның айтуынша, Дамаск Израильмен арадағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған келісімге қол жеткізуге әлі де мүдделі. «Алайда жағдайды тұрақтандыру бір тараптың ғана әрекетіне байланысты болмауға тиіс», – деді министр.

Аш-Шибани Израиль Сирияның қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылығын да ескеруі қажет екенін атап өтті.

Оның пікірінше, екі тарап та нақты саяси ерік танытса, Сирия мен Израиль өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, Сирияның егемендігін құрметтеуге және өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін уағдаластыққа қол жеткізе алады. Бұл шиеленістің одан әрі жалғасуына жол бермеуге тиіс.

Сейсенбіге қараған түні Израиль Түркия шекарасынан шамамен 70 шақырым жерде, Сирияның Идлиб провинциясында орналасқан «Абу-ад-Духур» әскери базасына соққы жасады. Израиль премьер-министрінің кеңсесі X әлеуметтік желісінде Сирия аталған нысанға түрік әскерін орналастыруға рұқсат беру арқылы Израильмен қауіпсіздік саласындағы статус-кво жөніндегі уағдаластықты бұзуға шақ қалды деп мәлімдеді.

Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің әрекетін айыптап, оны Сирияның аумақтық тұтастығын бұзды деп мәлімдеді. Ал Сирия СІМ бұл соққыларды «негізсіз агрессия» және «өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті шиеленіс» деп бағалады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ҚМДБ: Әйелге қол көтеру – ер азаматқа жат қылық

Әйелге қол көтеру – ерлік емес. Қоғамда болып жатқан кейбір оқиғалар жанға батады. Әсіресе әйел адамның өз отбасында зорлық-зомбылық пен қорлық көруі алаңдатады. Әйел – отбасының ұйытқысы. Ол – бір әулеттің аялап өсірген қызы, ардақты ана, сүйікті жар. Жаңа шаңыраққа келгенде ол өзін қорғайтын, жылуы мен мейірімі мол орта табарына сенеді.

Жасөспірімдерге арналған ChatGPT: жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндігі

OpenAI 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ChatGPT for Teens нұсқасын таныстырды. Жаңа режимде суицид, өзіне зиян келтіру, сексуалдық және романтикалық сипаттағы тақырыптарға қатысты шектеулер күшейтілген. Сондай-ақ чат-бот жасөспірімге өзін сезімі мен санасы бар немесе пайдаланушыға эмоциялық тұрғыда жақын тіршілік иесі ретінде көрсетпеуі тиіс.

Қазақстанда 111 жылда болмаған ыстық тіркелді

Еуропа да бұрын-соңды болмаған аптапты бастан өткерді. 2026 жылғы маусым Батыс Еуропада метеорологиялық бақылау жүргізіле бастағалы ең ыстық маусым болды. Францияда 23 маусымда ауа температурасы 44,3 градусқа жетіп, ел бойынша абсолютті рекорд жаңарды.

Трамп Иранмен соғыста жеңілгенін ресми түрде мойындай алмайды

АҚШ Ормуз бұғазындағы бақылаудан айырылып қалса, 1945 жылдан бері қалыптасқан әлемдік тәртіпті басқарып отырмыз деп мәлімдеуі қиын. Теориялық тұрғыда жеңілгенін мойындап, Монро доктринасына сәйкес Батыс жартышарына шегінуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда мұнай саудасымен тығыз байланысты доллардың тағдыры не болмақ? Вашингтон әлемдік теңіз жолдарының қауіпсіздігі мен еркін қозғалысына кепілдік бере алмаса, долларға деген сұраныс та бұрынғыдай бола ма? Дональд Трампты АҚШ-тың билеуші элитасы елдің шектен тыс ұлғайған мемлекеттік қарыз мәселесін шешу үшін билікке әкелді. Ал АҚШ-тың сыртқы әлемге бергенінен жыл сайын шамамен 7% артық тұтынуына мүмкіндік беріп отырған экономикалық модельді бұзу оның алдына қойылған міндет емес.