Евразия24ЖаңалықтарБір миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық қызметпен қамтылды

Бір миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық қызметпен қамтылды

|

|

Астана. 20 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (МӘСК) 655 нысаны салынды. Соның нәтижесінде ауылдық жерлерде тұратын 1 млн-ға жуық адамға медициналық қызмет алу мүмкіндігі жасалды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметтің бейсенбі күні таратқан хабарламасында: “Ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету бағыты бойынша 655 нысанның құрылысы толық аяқталды. Оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория бар”, – делінген.

Жалпы нысандардың 427-сі тозығы жеткен және апатты жағдайдағы ғимараттардың орнына салынды. Бұған дейін арнайы ғимарат болмағандықтан медициналық көмек үй жағдайында көрсетіліп келген елді мекендерде тағы 208 нысан бой көтерді. Ал медицина қызметкерлері де, тиісті инфрақұрылымы да болмаған ауылдарда 20 нысан салынды.

«Осы 655 нысанның пайдалануға берілуі нәтижесінде 1 млн-ға жуық ауыл тұрғыны медициналық қызметпен қосымша қамтылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 32 аудандық аурухана күрделі жөндеу, қайта жаңарту және заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру арқылы көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға айналдырылып жатыр. Медициналық мекемелерге компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтар, ангиографтар, реанимациялық және хирургиялық жабдықтар орнатылуда. Үкіметтің бағалауынша, бұл 4 млн-нан астам ауыл тұрғынына мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңа және жаңғыртылған медициналық нысандарда жұмыс істеу үшін 1,1 мың медицина маманы даярланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды кешенді дамытуға, жаңартуға және саладағы кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қытай АҚШ пен Иранды мәселені келіссөз арқылы реттеуге шақырды

Қытай АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті санкциялар мен қысым арқылы емес, келіссөз жолымен реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.

ҚМДБ: Әйелге қол көтеру – ер азаматқа жат қылық

Әйелге қол көтеру – ерлік емес. Қоғамда болып жатқан кейбір оқиғалар жанға батады. Әсіресе әйел адамның өз отбасында зорлық-зомбылық пен қорлық көруі алаңдатады. Әйел – отбасының ұйытқысы. Ол – бір әулеттің аялап өсірген қызы, ардақты ана, сүйікті жар. Жаңа шаңыраққа келгенде ол өзін қорғайтын, жылуы мен мейірімі мол орта табарына сенеді.

Жасөспірімдерге арналған ChatGPT: жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндігі

OpenAI 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ChatGPT for Teens нұсқасын таныстырды. Жаңа режимде суицид, өзіне зиян келтіру, сексуалдық және романтикалық сипаттағы тақырыптарға қатысты шектеулер күшейтілген. Сондай-ақ чат-бот жасөспірімге өзін сезімі мен санасы бар немесе пайдаланушыға эмоциялық тұрғыда жақын тіршілік иесі ретінде көрсетпеуі тиіс.

Қазақстанда 111 жылда болмаған ыстық тіркелді

Еуропа да бұрын-соңды болмаған аптапты бастан өткерді. 2026 жылғы маусым Батыс Еуропада метеорологиялық бақылау жүргізіле бастағалы ең ыстық маусым болды. Францияда 23 маусымда ауа температурасы 44,3 градусқа жетіп, ел бойынша абсолютті рекорд жаңарды.