Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп салынды

Қазақстанда 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп салынды

|

|

Астана. 20 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аяқталды. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына есептелген 217 жаңа мектеп бой көтерді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

«Үш жыл ішінде жоба аясында жаңа үлгідегі 217 мектеп салынды. Олар жалпы 460 мың оқушыға арналған. 2024 жылы 105, 2025 жылы 112 мектеп пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде үш ауысымда жұмыс істеген 54 және апатты жағдайдағы 12 мектептің мәселесі толық шешілді. Сондай-ақ 100-ден астам мектепте орын тапшылығы азайды», – делінген Үкіметтің бейсенбі күні таратқан хабарламасында.

Жаңа мектептердің едәуір бөлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында салынды.

Ауылдық жерлерде жаңа үлгідегі 84 мектеп бой көтерді. Соның арқасында 130 мыңнан астам ауыл баласына заманауи білім беру инфрақұрылымы қолжетімді болды.

Үкімет мәліметінше, жаңа мектептердің аумағы бұған дейінгі типтік жобалармен салыстырғанда орта есеппен 15–20% кең. Ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт еседен астам жоғары.

Мектептерде физика, химия және биология кабинеттері, зертханалар, компьютерлік сыныптар, STEM-зертханалар мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар әмбебап шеберханалар, шығармашылық студиялар және бастапқы кәсіптік даярлық кабинеттері жабдықталған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасауға, оқушы орнының тапшылығын азайтуға, үш ауысымды оқыту мен апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуге бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.