Еуразия24

Материалы

«Геосаяси шахмат» Трамптың көзқарасы мен Кульпаның сыны

«Трамп үшін соғыс пен соғысты тоқтату тек бір сылтау ғана – Ресейді оқшауланған ел мәртебесінен шығарып, оны келіссөз жүргізуші тарап ретінде қайта таныту амалы. Мен мұны жаһандық полицей мен жаһандық қылмыскердің одағын құру әрекеті ретінде қарастырдым. Трамп Ресейді пайдалана отырып, Еуропаның үрейін бақылауға алғысы келеді», – делінген.

Ғылым мен ауыл шаруашылығы: интеграцияның ЕАЭО-дағы әлеуеті

Евразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты әрі сапалы өндірісін қамтамасыз ету селекциялық-асылдандыру жұмыстарын дамытуға тікелей байланысты. Бұл туралы Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінің АӨК мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының инновациялық даму кафедрасының меңгерушісі Наталья Кириенко Eurasia.Expert порталына берген сұхбатында айтты.

Экономика өсіп жатыр, ал халықтың табысы неге төмен?

Экономист Айдархан Құсайынов Қазақстан экономикасындағы соңғы динамикаға қатысты өз бағасын берді. Оның айтуынша, елдегі ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) өсімі соңғы 12 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Алайда сарапшы одан да маңызды аспектіні – 2022 жылдан бері байқалып келе жатқан орташа жылдық өсім қарқынының тұрақты үдеуін – Үкімет пен ақпараттық алаңның назарынан тыс қалып отырғанын атап өтті.

Kaspi Bank қарсы шабуылға шықты

Орманды және дала өрттерімен күресетін мамандар арасында өте күрделі, бірақ кей жағдайда жалынды тоқтатудың жалғыз тәсілі ретінде қолданылатын әдіс бар – бұл қарсы өрт қою. Қауіп-қатері жоғары мұндай шараны тек өз ісіне сенімді, салдарын мойнына алуға дайын кәсіби маман жүзеге асыра алады. Биіктен тарайтын, яғни ағаштардың ұшар басын шарпитын өрттен де қауіптісі – төменгі деңгейдегі, орман асты өсімдіктері мен қылқан жапырақты жамылғыны жалмайтын, тіпті одан да жаманы – көзге көрінбейтін, бірақ жерастынан, тамырдан күйдіріп, экожүйенің өзін жойып жіберетін ішкі өрт бар екенін мамандар жақсы біледі. Осындай "ішкі өртке" қарсы тұру мақсатында қойылған ақпараттық "қарсы отты" Kaspi Bank-тің мүддесін қорғап сөз алған Маржан Елшибаеваның «Айран» жобасындағы мәлімдемесінен көруге болады. Бұл – жуырда «Орда жобасында Гүлнара Бажкенова тарапынан жасалған, қоғамды дүрліктіретін ішкі ақпараттық шабуылға жауап ретінде қабылданды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Сирия билігін ИГИЛ-ге қарсы шаралар қабылдауға шақырды

ВАШИНГТОН. 20 шілде. Interfax– АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Сирия билігіне ел аумағында ИГИЛ (Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған террорлық ұйым) мен өзге де...

Еще от автора

Германия KNDS қорғаныс компаниясының 50% үлесін шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ

Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ЕО көшбасшылары Дублиндегі саммитте Украина бойынша келіссөздерге Еуроодақ атынан кім қатысатынын талқылайды – БАҚ

Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.

Жұма күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер төмендеп жатыр

Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін саралауда.

Қазақстанда жүк көліктерінің жол жүру ақысын төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстан Үкіметі коммерциялық жүк көліктерінің автомобиль жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібін өзгертуді қарастырып жатыр. Жаңа ұсыныстардың қатарында жылдық абонемент енгізу және тарифтерді саралау бар. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.