Мансұр Жетігенов

Материалы

Қазақстандағы «ақ» және «қара» алтын іздеудің тұтқындары. 2-бөлім

Айта кетейік, 2011 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстанда өндірілген алтынды сатып алу ісінде іс жүзінде монополистке айналды. Алайда қаржы институтының басым назары аффинаждалған және аллокирленген алтынға бағытталған. Осыған байланысты өңделмеген алтынмен жұмыс істейтін старательдер мемлекеттік банктің мүддесіне жатпайды. Елімізде алтын ұнтағы мен самородктарды сатып алуға құқылы қаржы ұйымдары бар. Ресми есепке сәйкес, олардың саны 11 болса да, бұл жөнінде ашық ақпарат аз. Түсінікті жайт, қаржы және әсіресе алтын сынды активтер«тыныштықты» қалайды. Бірақ мұндай жабықтық жиі жағдайда көмескіжәне мүдделі схемалармен ұштасады.

Қазақстандағы «ақ» және «қара» алтын іздеудің тұтқындары. 1-бөлім

Жалпы, әркім өз мүддесін ойлайды. Заң шығарушылар мен мемлекеттік органдар экология мен жер иелеріне келетін зиянды азайтуға бағытталған тәртіп орнатқан. Ұлттық банк алтын құм мен самородоктармен жұмыс істеуге құлықсыз, өйткені бұл қосымша инфрақұрылым мен техникалық шығындарды талап етеді. Аффинаж зауыттары құқық қорғау органдарымен байланысты мәселелерден аулақ болғысы келеді. Ал заңға бағынатын қарапайым старательдер назардан тыс қалып отыр. Осы себепті олардың көбі, еріксіз болса да, көлеңкелі нарыққа жол тартады.

Старовойттың өлімі: Кремльдің үнсіз ескертуі ме?

Ресейдің федералдық мемлекеттік қызметіндегі ең жоғары шен – 1-дәрежелі мемлекеттік кеңесшісі (федералдық мемлекеттік қызметтің ең жоғары шен дәрежесі)  Роман Старовойттың қазасы «өз-өзіне қол жұмсау» ретінде тіркелгенімен, бұл оқиға елдің басқару мәдениетінде Византиялық дәстүрлердің әлі де терең тамыр жайғанын көрсетті. Бұл жағдайдан өтірік ақпарат, құжаттарды қолдан жасау және жемқорлықтың түбі Старовойттың өліміндей аяқталуы мүмкін екенін көруге болады. Енді облыс басшылары мен министрлер өз әрекеттерін бағамдап, сол өлшеммен салыстыруға мәжбүр: олардың қателіктері қаншалықты өлімге апаратын деңгейге жақын?

Қытай: «Ресей жеңілсе – Азияға соғыс келеді»

Қытай Халық Республикасының сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Ван И мен Еуропалық одақтың жаңа сыртқы саясат басшысы Кая Калластың келіссөздерінің нақты нәтижелері орта мерзімді кезеңде белгілі болады. Ал әзірге Еуропа элитасы бұл кездесуден алған мәдени шокты «қорытып» жатыр.

Еще от автора

Парсы шығанағындағы соғыс және әлемдік мұнай нарығы

Иранның АҚШ пен Израильдің шабуылына жауап ретінде Ормуз бұғазын жабуы тек Эпштейн коалициясына ғана әсер етіп отырған жоқ. Алайда қалыптасқан жағдайда Тегеранның басқа таңдауы жоқ деуге болады. Әлемдік нарыққа «қара алтынның» жеткізілуінің үзілуі және Парсы шығанағындағы мұнай инфрақұрылымының нысанаға алынуы халықаралық энергетикалық әрі экономикалық ортада үлкен алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Қалыптасқан жаңа жағдай енді шындыққа айналды. Сондықтан оған барынша салмақты әрі ұтымды түрде бейімделудің жолдарын ойластыру қажет. Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 30 пайызы мен сұйытылған табиғи газдың (СПГ) 25 пайызы өтетін стратегиялық тар өткел.

Қазақстан, уран, Үндістан және ядролық жарыс

«Қазатомөнеркәсіп» пен Үндістан арасындағы уран жөніндегі келісім Астананың энергетика және ядролық саясаттағы ұстанымының жаңа кезеңге өткенін аңғартады. Қазақстан табиғи уран өндіру көлемі бойынша әлемдегі жетекші ел саналады. Делимен жасалған келісімнен кейін еліміз Үндістанның атом энергетикасы мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенін стратегиялық шикізатпен қамтамасыз етпек. Айта кетерлігі, бұл ауқымды келісім Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Бейбітшілік кеңесі аясында белсенді дипломатиялық ұстаным танытқаннан кейін, ал Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди АҚШ-тың 47-президентімен қарым-қатынасын реттеген кезеңнен соң жасалды.

Әлемдік нарықтағы платина: өндіріс, сұраныс және баға факторлары

Бағалы металдар қатарында платина — өзіндік ерекшелігі бар, тарихи жолы күрделі металл. Өткен ғасырларда оны кейде алтынды қолдан жасау үшін қорытпаларға қосылатын металл ретінде қарастырса, енді бір кезеңдерде практикалық қасиеттеріне байланысты бағасы алтыннан да жоғары бағаланған. Алтын негізінен инвестициялық актив рөлін алғаннан кейін, баға тұрғысынан платинадан едәуір алшақтап кетті. Дегенмен жаһандық тұрақсыздық күшейген қазіргі кезеңде платина қайтадан инвесторлардың назарын аударып, алтынмен бағасы бірдей болуы мүмкін. 

Алтын — жаңа жаһандық қаржы жүйесіне өтудің негізгі көпірі

Әлемдік қолданыстағы қаржы жүйесінің ыдырауы және жаңа жүйенің қалыптасуы — бұл бір сәтте жүзеге асатын құбылыс емес, ұзақ мерзімді үдеріс. Өйткені оған ауқымды адами және материалдық ресурстар тартылған. Сонымен қатар осы үдерістің қандай кезеңде тұрғанын аңғаруға мүмкіндік беретін бірқатар көрсеткіштер бар. Қазіргі кезеңде олардың ішіндегі ең маңыздысы — мемлекеттік және жекеменшік қарыз деңгейі, фиат валюталардың құнсыздануы, сондай-ақ алтын бағасының динамикасы.