Мансұр Жетігенов

Материалы

USAID құрылымындағы Трампқа қарсы күштер

Дональд Трамптың Иранға қатысты саяси бағыты күтпеген салдарға әкеліп, оның айналасында қарсы күштердің шоғырлануын күшейтті. Нәтижесінде онымен текетіреске баруға дайын топтардың қатары көбейгені байқалады. Осындай топтардың ішінде USAID агенттігінің бұрынғы қызметкерлері де бар. Кезінде жайлы жұмыс істеп, жоғары жалақыға кенеліп келген олардың көбі бүгінде (Америка өлшемдерімен алғанда) әлеуметтік тұрғыдан төменгі сатыға түсіп қалды. Әлеуметтік заңдылықтарды ескерсек, мұндай топтың ішінде радикалды қадамдарға баруға дайын адамдардың табылары анық.

Вашингтон мен Тегеран текетіресі: Жаһандық қаржылық апаттың бастауы ма?

Әлемдік энергетикалық нарықтағы жағдай шиеленіскен деңгейден апатты ахуалға қарай бет алып барады, ал қаржы нарықтары мұны елемегендей әрекет етуде. Қысқа мерзімде мұндай алшақтық болуы мүмкін, өйткені маркет-мейкерлердің (биржалық саудаға қатысатын кәсіби қатысушылар, белгілі бір қаржы құралдары бойынша баға деңгейін ұстап тұру үшін биржамен келісім жасайтын субъектілер) табиғаты манипуляциялар арқылы шынайы жағдайдан уақытша алшақтауға мүмкіндік береді.  Дегенмен, Вашингтон мен Тегеран арасындағы текетірестің іргелі негізі бар, сондықтан бұл түйткіл ашық қақтығыссыз өздігінен шешілмейді.

АҚШ қаржы жүйесіндегі тұрақсыздық: дағдарыс дабылы

АҚШ-тың ақша жүйесі 2007–2008 жылдардағы қаржы дағдарысынан кейін қалыптасқан «белгісіз аймақ» жағдайында қалып отыр (бұл ұғымды көрнекті марксист Карл Маркс қолданған). Сол кезеңде қаржы билігі — АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) мен АҚШ үкіметі — ауқымды экономикалық күйреудің табиғи түрде жүзеге асуына (және экономиканың сауығуына) мүмкіндік берудің орнына, оны қаржылық қолдаумен шектеді. Қазіргі уақытта төтенше шаралардың мүмкіндіктері сарқыла бастағаны туралы белгілер байқалуда, сондай-ақ 2007–2008 жылдардағы дағдарыстың қорытынды кезеңі жақындап келе жатқаны айтылуда, алайда оның теріс салдары әлдеқайда ауқымды болуы ықтимал.

Қызыл сызықтар» сабағы: Тегеран әрекет етті, Мәскеу шегінді

«Сау мемлекеттердің» қызыл сызықтары мен «әлсіз мемлекеттердің» қызыл сызықтарының айырмашылығын әлем Иран мен Ресей мысалында көрді. Мәскеу ұжымдық Батыс пен Украинаға қойған барлық «қызыл сызықтарды» қарсыластары «қадамдап» еш жазасыз бұзып өтті, ал бүгінде Владимир Зеленский геосаяси деңгейдегі тұлғаға айналды. Ал Тегеран өз қызыл сызықтарына саяси ерікпен, қарумен және мемлекеттік әрі әскери басшылығының қанымен жауап берді. Соның нәтижесінде Дональд Трамп іс жүзінде шегінуге мәжбүр болып, геосаяси шығындарын азайтудың жолдарын іздеуде.

Қазақстан мұнайына төнген әскери қауіп-қатерлер

Қазақстаннан өндіріліп, Израильге экспортталатын мұнайдың барлық жеткізу тізбегіне әскери іс-қимылдар салдарынан қауіп төнді. Бұл жағдай тікелей кен орындарына, құбыр желілеріне, танкерлерге және шикізат өңделетін мұнай өңдеу зауыттарына қатысты болып отыр. Әр тараптың мақсат-мүддесі әртүрлі болғанымен, соққының Украина тарапынан да, Иран тарапынан да жасалу ықтималдығы жоғары. Бүгінгі таңда Астананың жағдайы мемлекеттік бюджетке ауыр нұқсан келтіруі мүмкін бірнеше қатердің ортасында қалып отыр. Қазақстаннан Израильге экспортталатын мұнай көлеміне қатысты көрсеткіштерде айтарлықтай алшақтықтар бар. Бұған коммерциялық құпиялылықпен қатар, репутациялық факторлар да өз септігін тигізуде.

Еще от автора

НАТО банкін құру жоспары неге баяу жүзеге асып жатыр?

 Соғысқа дайындықтың өзі қыруар қаржыны талап етеді. Ал экономикалық қиындықтар көбейіп, мемлекеттік қарыз ұлғайып, бюджет тапшылығы күшейген шақта әскери шығынды қалай өтеуге болады? Солтүстік Атлантика альянсы бұл мәселені НАТО банкін құру арқылы шешпек. «Қорғаныс, қауіпсіздік және тұрақтылық банкі» (DSRB) деп аталатын қаржы ұйымы құрылтайшы мемлекеттердегі саяси биліктің ауысуына қарамастан, қорғаныс саласына үздіксіз қаржы тартуды көздейді. Бұл бастама 2019 жылы көтерілгенімен, қаражат тапшылығынан оны жүзеге асыру ісі баяу жүріп жатыр. Алайда НАТО-ның DSRB (Defence, Security and Resilience Bank) банкін құру бастамасы Батыстағы соғысқұмар күштердің ортақ мүддесінен ғана туған жоқ. Бұл жоба олардың өзара бәсекесінің де қаншалықты күшейгенін көрсетеді.

Ұлы Жібек жолы: сауда, саясат және бәсеке

Ұлы Жібек жолын бейбіт сауда жолы ретінде ғана қабылдайтын таптаурын түсінік тарихи өткеніміз бен бүгінгі геосаяси ахуалды өзара сабақтастыра қарауға кедергі келтіреді. Жібек, жылқы, шыны, фарфор, музыкалық аспаптар, идеялар, технологиялар, діндер, бағалы металдар, қағаз, оқ-дәрі, мәдени дақылдар, құлдар – мұның бәрі болғаны рас. Алайда империялар сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ұмтылды. Өйткені саудадан түсетін мол табыс байлық қана емес, ақпаратқа қол жеткізуге, одақтастар табуға және әскери басымдыққа ие болуға мүмкіндік берді.Біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда Хань әулетінің императоры У Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-батысындағы сюнну көшпелі бірлестігіне қарсы күресте одақтас іздеді.

2026 жылғы 25 қыркүйектегі жалпыұлттық аза тұту күнінен кейінгі ой

Бейбіт күннің өзінде әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі қауіп-қатерден кенде емес. Бүгінгі геосаяси ахуал Қазақстанға қарулы күштері мығым, жауынгерлік қабілеті жоғары армия ауадай қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде әскери дайындықтың, оқу-жаттығулар мен маневрлердің қарқынын күшейтуді талап етеді. Алайда қызметке салғырт қараудан туындайтын заңбұзушылықтар әскери ортадағы қаза тапқандар санының артуына бастайтын қауіпті фактор болып табылады.

Біртұтас Еуропа енді еркін саудаға қарсы

Еуропалық одақтың Қытаймен сыртқы саудадағы тапшылығы тәулігіне 1 млрд еуроға жетті. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен еуропалық өндірушілерді қолдау қажеттігін мәлімдеді. Іс жүзінде бұл импортқа түрлі шектеулер енгізіп, кейбір тауарларды сырттан әкелуге тікелей тыйым салуды білдіреді. Сонда еркін сауда, бәсекеге қабілеттілік, реформалар мен ашық нарық қағидаттары қайда қалды? Қазақстандық журналистердің арасында еуропалық дөңгелек үстелдерде, баспасөз конференциялары мен брифингтерде еркін нарық пен ашық шекараның артықшылықтары туралы талай мәрте естігендер аз емес. Ендеше не өзгерді?