Мансұр Жетігенов

Материалы

ПМЭФ-2026 форумында «Анкоридж рухы» сейілді

Санкт-Петербургте «Анкоридж рухын» Украина Қарулы күштерінің Эстония әуе кеңістігі арқылы жасалған жаппай дрон шабуылы аясында шығарып салды. Бұл белгілі бір деңгейде символдық сипат алды. Владимир Путин мен Дональд Трамптың Аляскадағы кездесуінің қорытындысы бойынша Ақ үй стратегиялық уақыт ұтып алса, Кремль саяси тәжірибе жинақтады. Мәскеу тарапы америкалық серіктестермен келісім жасасудың тиімсіздігін алдын ала пайымдауы тиіс еді, алайда бұған дейінгі «Минск-1», «Минск-2» және Стамбул келіссөздеріндегі еуропалық тараптың әрекеттері сияқты, бұл жолы да нақты деректер қорын жинауды жөн көрді.

Алтын – соңғы онжылдықтағы ең тиімді актив

Нақты алтын банк жүйесінің тұрақтылығына, мемлекеттік қарыз көлеміне немесе реттеуші органның іс-әрекеттеріне тәуелді емес. Геосаяси құбылмалылық кезеңінде бағалы металдың дәл осы қасиеті оны консервативті инвестициялар санатынан шығарып, инвесторлар қызығушылығының алдыңғы шебіне шығарды. Он жыл ішінде алтын ұзақ мерзімді инвестициялар үшін ең тиімді актив ретінде танылды. Жаһандық ауқымдағы жағымсыз жаңалықтар алтын нарығына оң әсер ететіндіктен, аталған бағалы металдың позициясы одан әрі нығая түсуде. Әлемдік қаржы жүйесінің осал белгілері анық байқалмаған кезеңде инвесторлар жоғары технологиялық компаниялардың акцияларына, АҚШ-тың мемлекеттік қарыз облигацияларына және жоғары кірісті құралдарға басымдық берді.

ЕАЭО-дағы интеграциялық байланыстар әлсіреуде

Өз-өзін алдау көбіне сыртқы алдаудан да қауіптірек келеді. 2026 жылдың мамыр айындағы көрсеткіштер ЕАЭО аясындағы бірыңғай кедендік және бірыңғай экономикалық кеңістіктің толыққанды жұмыс істеуін тоқтатқанын айғақтайды. Шектеулер бойынша біржақты шаралар қолдану, жалпы режимнен алып тастау мен утилизациялық алымның жұмыс істеу ерекшеліктері іс жүзінде бастапқы идеяның тамырына балта шапты. Ал бұл идея, соның ішінде кооперациялық байланыстардың көмегімен, күрделі әрі ауқымды жобаларды ақтай алатын нарық құруды көздеген болатын.

Нарендра Моди Үндістан халқын алтын сатып алуда ұстамдыққа шақырды

Үндістан Премьер-министрі өткір энергетикалық дағдарыс жағдайында елдегі жанармайды үнемдеуге мүмкіндік беретіндей әрекет етуді сұрағанда, ешқандай сұрақ туындамайтыны анық. Бірақ дәл осы тұлға халықты алтын сатып алмауға шақырған кезде, еріксіз күмән ұялайды. Нарендра Модиді үндістердің жеке қаржылық әл-ауқаты емес, рупия бағамына, елдің валюталық резервтері мен бүкіл қаржы жүйесіне түсетін қысым көбірек алаңдататыны айдан анық. Дегенмен, қазіргідей құбылмалы кезеңде халықтың Үкімет басшысының кеңесіне құлақ асады деу қиын.

Қытайдың жұмсақ күші жаһандық бәсекеде алға шықты

«Аспан асты елінің» «жұмсақ күші» АҚШ пен Ұлыбритания сияқты озық үлгідегі елдермен салыстырғанда әлдеқайда икемді әрі пәрменді екенін көрсетті. Бүгінгі таңда Қытайдың қолжетімді әрі сапалы тауарларына бәсекелес табу қиын. Саясатты (өйткені саясатсыз экономиканың дамуы мүмкін емес), индустриялық қуатты, ғылыми жетістіктерді, технологиялық мүмкіндіктерді, жұмыс күшінің біліктілігі мен өзге де көптеген факторларды ұштастырған ҚХР-дың бәсекеге қабілетті өнімдері бүкіл әлемге көшбасшылық позициясын паш етіп отыр. Ал көшбасшының бағыты барлық тарап үшін негізгі бағдарға айналады.

Еще от автора

НАТО банкін құру жоспары неге баяу жүзеге асып жатыр?

 Соғысқа дайындықтың өзі қыруар қаржыны талап етеді. Ал экономикалық қиындықтар көбейіп, мемлекеттік қарыз ұлғайып, бюджет тапшылығы күшейген шақта әскери шығынды қалай өтеуге болады? Солтүстік Атлантика альянсы бұл мәселені НАТО банкін құру арқылы шешпек. «Қорғаныс, қауіпсіздік және тұрақтылық банкі» (DSRB) деп аталатын қаржы ұйымы құрылтайшы мемлекеттердегі саяси биліктің ауысуына қарамастан, қорғаныс саласына үздіксіз қаржы тартуды көздейді. Бұл бастама 2019 жылы көтерілгенімен, қаражат тапшылығынан оны жүзеге асыру ісі баяу жүріп жатыр. Алайда НАТО-ның DSRB (Defence, Security and Resilience Bank) банкін құру бастамасы Батыстағы соғысқұмар күштердің ортақ мүддесінен ғана туған жоқ. Бұл жоба олардың өзара бәсекесінің де қаншалықты күшейгенін көрсетеді.

Ұлы Жібек жолы: сауда, саясат және бәсеке

Ұлы Жібек жолын бейбіт сауда жолы ретінде ғана қабылдайтын таптаурын түсінік тарихи өткеніміз бен бүгінгі геосаяси ахуалды өзара сабақтастыра қарауға кедергі келтіреді. Жібек, жылқы, шыны, фарфор, музыкалық аспаптар, идеялар, технологиялар, діндер, бағалы металдар, қағаз, оқ-дәрі, мәдени дақылдар, құлдар – мұның бәрі болғаны рас. Алайда империялар сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ұмтылды. Өйткені саудадан түсетін мол табыс байлық қана емес, ақпаратқа қол жеткізуге, одақтастар табуға және әскери басымдыққа ие болуға мүмкіндік берді.Біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда Хань әулетінің императоры У Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-батысындағы сюнну көшпелі бірлестігіне қарсы күресте одақтас іздеді.

2026 жылғы 25 қыркүйектегі жалпыұлттық аза тұту күнінен кейінгі ой

Бейбіт күннің өзінде әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі қауіп-қатерден кенде емес. Бүгінгі геосаяси ахуал Қазақстанға қарулы күштері мығым, жауынгерлік қабілеті жоғары армия ауадай қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде әскери дайындықтың, оқу-жаттығулар мен маневрлердің қарқынын күшейтуді талап етеді. Алайда қызметке салғырт қараудан туындайтын заңбұзушылықтар әскери ортадағы қаза тапқандар санының артуына бастайтын қауіпті фактор болып табылады.

Біртұтас Еуропа енді еркін саудаға қарсы

Еуропалық одақтың Қытаймен сыртқы саудадағы тапшылығы тәулігіне 1 млрд еуроға жетті. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен еуропалық өндірушілерді қолдау қажеттігін мәлімдеді. Іс жүзінде бұл импортқа түрлі шектеулер енгізіп, кейбір тауарларды сырттан әкелуге тікелей тыйым салуды білдіреді. Сонда еркін сауда, бәсекеге қабілеттілік, реформалар мен ашық нарық қағидаттары қайда қалды? Қазақстандық журналистердің арасында еуропалық дөңгелек үстелдерде, баспасөз конференциялары мен брифингтерде еркін нарық пен ашық шекараның артықшылықтары туралы талай мәрте естігендер аз емес. Ендеше не өзгерді?