Евразия24Басты бет2026 жылғы 25 қыркүйектегі жалпыұлттық аза тұту күнінен кейінгі ой

2026 жылғы 25 қыркүйектегі жалпыұлттық аза тұту күнінен кейінгі ой

|

|

Бейбіт күннің өзінде әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі қауіп-қатерден кенде емес. Бүгінгі геосаяси ахуал Қазақстанға қарулы күштері мығым, жауынгерлік қабілеті жоғары армия ауадай қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде әскери дайындықтың, оқу-жаттығулар мен маневрлердің қарқынын күшейтуді талап етеді. Алайда қызметке салғырт қараудан туындайтын заңбұзушылықтар әскери ортадағы қаза тапқандар санының артуына бастайтын қауіпті фактор болып табылады.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің ауқымымен өлшегенде, «Хазар қорғаны-2026» – ірі оқу-жаттығулардың бірі. Оған қоса, оған бірнеше ведомствоның күштері жұмылдырылды. Әскери-теңіз күштерімен қатар оқу-жаттығуға ҰҚК Шекара қызметінің жағалау күзеті экипаждары мен Әуе қорғанысы күштері қатысты.

Әскери оқу-жаттығудың мұндай ауқымда өтуіне жалпы геосаяси ахуал әсер етіп отыр. Ресей мен Иранның коммерциялық кемелеріне, сондай-ақ Ресейдің Каспийдегі мұнай нысандарына дрондармен соққы жасалғаннан кейін теңіз айдыны іс жүзінде әскери іс-қимыл жүріп жатқан аумаққа айналды. Израиль авиациясы Каспий теңізінің оңтүстігіндегі Иран порттарына шабуыл жасады. Ал Тегеран аймақтағы америкалық энергетикалық активтерді жою туралы бұған дейінгі мәлімдемелерінен бас тартқан жоқ. Олардың қатарында Қазақстанның негізгі кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ та бар.

Халықаралық жағдайды болжау қиындаған сайын әскери күштің маңызы да күрт артты. Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыстағы соғыстар көрсеткендей, әскери ғылымдағы бұрынғы доктриналар мен тұжырымдамалардың көбі ескірді немесе елеулі өзгеріске ұшырады. Мұндай жағдайда Қарулы күштерді соғыс жүргізудің жаңа талаптарына бейімдеп, мемлекет қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қатерлерге дайын болу қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салалық жиындарда күштік құрылымдардың жауынгерлік тиімділігін арттыру қажеттігін үнемі айтып келеді. Аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысты құжаттарды қоса алғанда, жаңа заңнамалық негіз де әзірленіп жатыр. Мұның бәрі Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығын тұрақты жетілдіруді талап етеді. Оған жауынгерлік атыс, ұзақ қашықтыққа жорық жасау, десант түсіру және әскери даярлықтың басқа да түрлері кіреді.

Әскердің шеберлігі үздіксіз дайындықпен шыңдалады. Жаттығу нақты ұрыс жағдайына барынша жақын болған сайын, сарбаздар да төтенше жағдайда дұрыс әрі үйлесімді әрекет етуге машықтанады. Бірақ мұндай жаттығулардың қауіпті жағы да бар: әскери қызметшілердің өміріне төнетін қатер күшейеді. Бұл тек Қазақстанға тән мәселе емес. Әскери ұйымдасуы мен жеке құрамның қауіпсіздігіне мән беруі жағынан үлгі саналатын НАТО елдеріндегі оқу-жаттығулар кезінде де қайғылы жағдайлар болып тұрады. Бірде сарбаздар танк астында қалса, енді бірде әскери ұшақ апатқа ұшырайды немесе жарылғыш заттың қуатын есептеудегі қателіктен әскери қызметшілер қаза табады.

Әскери жарғылардың «қанмен жазылғаны» бекер айтылмайды. Ондағы талаптар сансыз соғыс пен қарулы қақтығыстың тәжірибесі негізінде, әскери техника мен соғыс жүргізу тәсілдері дамыған сайын қалыптасты. Сондықтан жарғы талаптары мүлтіксіз орындалуға тиіс. Құрылған, құзыреті кең үкіметтік комиссия Каспийде болған қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауы керек.

Әскери басшылықтың кез келген төтенше жағдайдан сақтанатыны түсінікті. Ешбір командир қарамағындағы сарбаздарының қаза тапқанын қаламайды. Алайда қауіптен барынша қашудың ең оңай жолы – әскери қызметшілерді казармадан шығармай, шаруашылық жұмыстарымен айналыстыру, саптық даярлықпен шектелу, сыртқы тәртіпті қадағалау, мәдени іс-шаралар мен спортқа қатыстыру. Бірақ мұндай тәсілмен қазіргі заман талабына сай, ұрысқа қабілетті армия қалыптастыру мүмкін емес.

Сондықтан әскери қызметшілердің жаппай қаза табуына не себеп болғанын мұқият анықтап, болған оқиғадан тиісті қорытынды шығару қажет. Сонымен бірге жауынгерлік даярлықтың қарқынын бәсеңдетуге болмайды. Қазақстанның қуатты әрі ұрысқа дайын армиясы бар екенін өзге мемлекеттер білгенде, Астананың ұстанымына да соған сай қарайтын болады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қыс қарсаңындағы болжам: тариф тағы өсе ме?

Қыркүйек аяқталып келеді. Қазан айынан бастап Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымы басталады. Айдың ортасы мен соңына қарай үлкенді-кішілі қалалардағы жылу электр орталықтары, қазандықтар мен жылу желілері түгел қысқы жұмыс тәртібіне көшуі тиіс. Өткен жылыту маусымы, тіл-көзден сақтасын, ірі апатсыз өтті. Биыл жағдай қалай болмақ? Қыстың қақаған аязында жылусыз қалдыратын ірі апаттар мен ұзақ үзілістер болмайды деп үміттенеміз. Оның үстіне электр энергетикасы мен коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған МЭКС ұлттық жобасы іске қосылып, жұмыс біртіндеп қарқын алып келеді. Бірақ әзірге атқарылған істің көлемі қажетті меженің төрттен біріне де жетпейді. 2025–2029 жылдары жобаға бюджеттен тыс 13,6 трлн теңге, яғни жеке инвестиция тартылуы тиіс. Оның басым бөлігі шетелдік капитал есебінен келеді деп жоспарланған. Бұған қоса, жеке инвесторлар тартатын қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен тағы 1,5 трлн теңге қарастырылған.

Каспийдегі қайғылы оқиға: бес адам ұсталды, тергеу жалғасып жатыр

Қазақстан 24 қыркүйекте «Хазар Қорғаны-2026» оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізіне алып кеткен әскери қызметшілерді іздеу жұмыстарын ресми түрде аяқтады. 14 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі аман қалды.

Газ өңдеу зауыттарын іске қосу тағы кейінге қалды

Үкімет газ саласын дамытудың кешенді жоспарындағы бірқатар мерзімді қайта қараған. Halyk Research-тің «Қазақстанның газ секторының 2024–2025 жылдардағы дамуына шолу» атты жаңа есебіне сәйкес, негізгі газ өңдеу зауыттарын іске қосу мерзімі тағы да кейінге шегерілді.

Алматыда су қымбаттамақ

Алматы Су» мәліметінше, 1 қазаннан бастап Алматыда тұрғындар, бизнес және мемлекеттік ұйымдар үшін су тарифтері өзгереді. Тұрғындар үшін бір текше метр судың бағасы 178,06 теңге, ал кәріз қызметі 119,46 теңге болады. Қосылған құн салығын есептегенде жалпы төлем бір текше метрге 297,52 теңгені құрайды. Бизнес үшін бір текше метр судың тарифі 362,18 теңге, кәріз қызметі 264,75 теңге болады.