Мансұр Жетігенов
Материалы
Стратегиялық минералдар: жаһандық нарықтағы Қытайдың ықпалы
Стратегиялық маңызы бар минералдар кен орындарының картасына қарасақ, олардың әлемнің әртүрлі өңіріне кеңінен таралғанын көруге болады. Алайда оларды өңдеуге келгенде жағдай мүлде басқа: өңдеу қуатының шамамен 90 пайызы Қытайдың үлесіне тиесілі. Соның арқасында Бейжің келіссөздерде қарсы тарапты бастапқыдан-ақ тәуелді әрі осал жағдайға қоя алады. Қытайды осы басымдықтан айыру үшін ұзақ жылдарға арналған тұрақты мемлекеттік қаржыландыру қажет. Алайда Батыс елдері бұған бара алмайды, өйткені мұндай саясат кез келген сайлау циклінен әлдеқайда ұзақ мерзімді саяси міндеттемені талап етеді.
Каракастың сын сағаты
Вашингтонның қысымына Венесуэладағы чавистік биліктің берілуі Иран секілді АҚШ-тың қысымына төтеп бере алатын мемлекеттер көп емес екенін көрсететін айқын мысал болды. Каракас тәжірибесі мемлекеттік аппаратты (кең мағынада), азаматтық қоғамды және әскери құрылымдарды жұмылдыра алмайтын елге ұзақ уақыт бойы жүйелі қысым жасалған жағдайда, белгілі бір кезеңде билеуші элитаның саяси ерік-жігері әлсірейтінін аңғартады.
Венесуэла басшылығы бұл жағдайда жай ғана күрделі сәттерде аман қалуға тырысып отырған жоқ, керісінше өз ұстанымынан бас тартуға мәжбүр болып отыр. Өйткені Уго Чавес ілімінің негізгі қағидаттарының бірі саналатын антиимпериализмнен бас тарту чавизмнің саяси құбылыс ретіндегі мәні мен идеологиялық негізін әлсіретеді.
Иранмен текетірес АҚШ-тың әлсіз тұстарын айқын көрсетті
1979 жылғы Ислам революциясынан бастап 2026 жылғы Таяу Шығыстағы соғысқа дейінгі аралықтағы Вашингтон мен Тегеран арасындағы текетіресті ұзаққа созылған геосаяси бәсеке деуге болады. Осы кезеңге тарихи тұрғыдан көз жүгіртсек, Иранның геосаяси ұстанымы бүгінде АҚШ-пен салыстырғанда әлдеқайда берік көрінеді. Тарихқа зер салсақ, ежелгі Парсы елі қуатты державалармен ұзаққа созылған текетірестерге талай мәрте төтеп берген. Мұндай қарсыластықтардың басым бөлігінде ол жеңілгеннен гөрі, басым түскен тарап ретінде танылған.
«Үлкен жетілік» те «Балтық жолбарыстарының» кебін киді
Эвиан-ле-Бендегі G7 саммиті «Үлкен жетіліктің» құлдырауын айқындайтын өзіндік кезеңге айналды. Бұл процесс 1973 жылы мұнай дағдарысына жауап ретінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, ГФР және Жапонияның (кейінірек олардың қатарына Италия мен Канада қосылды) қаржы министрлерінің бас қосуынан басталған болатын. Ол кезеңде G7 күрделі мәселелерді тиімді шеше алғанымен, қазіргі уақытта бұл қабілетінен айырылды. Мұнымен қоса, аталған кездесудің АҚШ-тың Иранмен соғыстағы жеңілісі ресми түрде тіркелген сәтке тұспа-тұс келуі үлкен мәнге ие. Құлдырау үдерісі ішінара немесе үзінді сипатта болмайды, демек, ұжымдық Батыстың барлық бағыттағы ықпалы әлсіреп барады.
Мексика 2026 жылғы әлем біріншілігін құтқарып қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуші үш мемлекеттің ішінде тек Мексика ғана дәстүрлі футбол мәдениеті дамыған ел болып табылады. АҚШ-та спорттың ең танымал түрі американдық футбол (классикалық футболмен байланысы жоқ) болса, Канадада шайбалы хоккей бірінші орында тұр. Сонымен қатар, халықаралық жарысқа қатысудан бас тартпаған Иран құрамасы бұл турнирде өздерінің «жұмсақ күш» әлеуетін көрсетуді көздейді. АҚШ әкімшілігінің саяси шешімдері турнир барысына ықпал етуі мүмкін жағдайда, негізгі тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі Мексика Президенті Клаудия Шейнбаумға байланысты болмақ. Ол жас кезінде академиялық есу спортымен айналысқанына қарамастан, қазіргі уақытта ірі футбол державасын басқарып отыр және аталған халықаралық шараның жауапкершілігін нақты сезінеді.
Еще от автора
НАТО банкін құру жоспары неге баяу жүзеге асып жатыр?
Соғысқа дайындықтың өзі қыруар қаржыны талап етеді. Ал экономикалық қиындықтар көбейіп, мемлекеттік қарыз ұлғайып, бюджет тапшылығы күшейген шақта әскери шығынды қалай өтеуге болады? Солтүстік Атлантика альянсы бұл мәселені НАТО банкін құру арқылы шешпек. «Қорғаныс, қауіпсіздік және тұрақтылық банкі» (DSRB) деп аталатын қаржы ұйымы құрылтайшы мемлекеттердегі саяси биліктің ауысуына қарамастан, қорғаныс саласына үздіксіз қаржы тартуды көздейді. Бұл бастама 2019 жылы көтерілгенімен, қаражат тапшылығынан оны жүзеге асыру ісі баяу жүріп жатыр.
Алайда НАТО-ның DSRB (Defence, Security and Resilience Bank) банкін құру бастамасы Батыстағы соғысқұмар күштердің ортақ мүддесінен ғана туған жоқ. Бұл жоба олардың өзара бәсекесінің де қаншалықты күшейгенін көрсетеді.
Ұлы Жібек жолы: сауда, саясат және бәсеке
Ұлы Жібек жолын бейбіт сауда жолы ретінде ғана қабылдайтын таптаурын түсінік тарихи өткеніміз бен бүгінгі геосаяси ахуалды өзара сабақтастыра қарауға кедергі келтіреді. Жібек, жылқы, шыны, фарфор, музыкалық аспаптар, идеялар, технологиялар, діндер, бағалы металдар, қағаз, оқ-дәрі, мәдени дақылдар, құлдар – мұның бәрі болғаны рас. Алайда империялар сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ұмтылды. Өйткені саудадан түсетін мол табыс байлық қана емес, ақпаратқа қол жеткізуге, одақтастар табуға және әскери басымдыққа ие болуға мүмкіндік берді.Біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда Хань әулетінің императоры У Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-батысындағы сюнну көшпелі бірлестігіне қарсы күресте одақтас іздеді.
2026 жылғы 25 қыркүйектегі жалпыұлттық аза тұту күнінен кейінгі ой
Бейбіт күннің өзінде әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі қауіп-қатерден кенде емес. Бүгінгі геосаяси ахуал Қазақстанға қарулы күштері мығым, жауынгерлік қабілеті жоғары армия ауадай қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде әскери дайындықтың, оқу-жаттығулар мен маневрлердің қарқынын күшейтуді талап етеді. Алайда қызметке салғырт қараудан туындайтын заңбұзушылықтар әскери ортадағы қаза тапқандар санының артуына бастайтын қауіпті фактор болып табылады.
Біртұтас Еуропа енді еркін саудаға қарсы
Еуропалық одақтың Қытаймен сыртқы саудадағы тапшылығы тәулігіне 1 млрд еуроға жетті. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен еуропалық өндірушілерді қолдау қажеттігін мәлімдеді. Іс жүзінде бұл импортқа түрлі шектеулер енгізіп, кейбір тауарларды сырттан әкелуге тікелей тыйым салуды білдіреді. Сонда еркін сауда, бәсекеге қабілеттілік, реформалар мен ашық нарық қағидаттары қайда қалды?
Қазақстандық журналистердің арасында еуропалық дөңгелек үстелдерде, баспасөз конференциялары мен брифингтерде еркін нарық пен ашық шекараның артықшылықтары туралы талай мәрте естігендер аз емес. Ендеше не өзгерді?




