Евразия24Басты бетАқпараттық шектеулер аясындағы украин шабуылы

Ақпараттық шектеулер аясындағы украин шабуылы

|

|

Роскомнадзордың (РКН) Telegram мессенджерінің жұмысын баяулатуға бағытталған әрекеттері Запорожье бағытындағы қарсы шабуыл кезінде Украина Қарулы Күштеріне (УҚК) көмектесіп жіберді. Әрине, күш-жігерін Славянск-Краматорск бағытына жұмылдырып, оңтүстікте қарсыластың резерв жинап жатқанын «байқамай қалған» Ресей Қарулы Күштері Бас штабының да кінәсі бар, бірақ Роскомнадзордың іс-әрекетінен келген зиян да тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. Осылайша, ресейлік сарбаздардың қанымен жазылып жатқан «Ақымақтық па, әлде сатқындық па?» деген сауал туындап отыр.

«Соғыс басталғанда, сол соғысты ескермей айтылған кез келген пікір жалған естіле бастайды», – жазушы Альбер Камюдің бұл ойы Шығыс Еуропадағы соғысқа қатысты өте өзекті болып тұр.

Соғыстың өз атымен аталмай, «СВО» (арнайы әскери операция) деген эвфемизмнің қолданылуы салдарынан Ресей Федерациясының мемлекеттік аппаратында ұлттық басымдықтардың нақты иерархиясы жоқ. Соның кесірінен, Батыспен арадағы гибридтік соғыс пен Украинадағы нағыз соғыс жағдайында өнеркәсіпті тұралатып жатқан «Таза ауа» (Чистый воздух) бағдарламасы әлі де жүзеге асырылуда. «Таза Волга» бағдарламасы да Ресейдің еуропалық бөлігіндегі басты өзен алабында дәл осындай кері әсерін тигізіп жатыр.

Біз мұның бәрі түбегейлі дұрыс емес деп айтпаймыз. Дегенмен мұндай экологиялық бағдарламалардың мазмұнына, әдістемесіне және іске асырылу тетіктеріне қатысты елеулі сұрақтар туындайтыны анық. Алайда қазіргі жағдайда негізгі мәселе — басымдықтарды дұрыс айқындау және шешімдердің уақтылы қабылдануы. Роскомнадзор шенеуніктері өз ведомстволық, тар шеңбердегі міндеттерін шешумен айналысып отыр, ал әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметін ортақ стратегиялық мақсаттар тұрғысынан үйлестіретін бірыңғай басқару тетігі байқалмайды. Соның салдарынан тіпті қандай да бір келіссөздік нәтижелерге қол жеткізу жағдайында да тараптардың ұстанымдары объективті түрде әлсірей түседі.

Ақпандағы Украина қарулы күштері (УҚК) Запорожье бағытындағы шабуылы 2022 жылдан бері украин тараптың стратегиялық бастаманы алғаш рет өз қолына алған жағдайы ретінде бағаланады. Майдан шебінде соғыс жүргізу тактикасы шамамен әр 3–6 ай сайын өзгеріп отырады. Ақпан айында УҚК «килл-аймақты» бронетехникамен еңсерудің бұрын ресейлік тарап қолданған тәсілін бейімдеп, оны шағын дрондармен (тактикалық құралдармен) әрекет етуден гөрі тиімдірек деп таныды.

Бұл ретте БМП мен БТР көбіне жеке құрамды жеткізудің бір реттік тасымалдау құралы ретінде пайдаланылуда. Алайда Запорожье бағытындағы қарсы шабуыл Роскомнадзор тарапынан Telegram мессенджерінің бұғатталуымен тұспа-тұс келді. Алдымен Илон Масктың әрекеттеріне байланысты ресейлік әскери бөлімшелер Starlink спутниктік интернет жүйесіне қолжетімділіктен айырылды, кейіннен Роскомнадзор шешімдерінің салдары олардың байланыс мүмкіндіктеріне кері әсер етті.

Осы уақытта Украина тарапы барын салып, тәуекелге бел буды. Ресей қорғанысына шабуыл жасаған броньды топтардың құрамында техниканың әртүрлі түрлерімен қатар «Абрамс» танктері де болды. Telegram-ның бұғатталуы салдарынан «Рубикон» дрондар бөлімшесі кедергілерге тап болды: нақты уақыт режімінде жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылған операторлар УҚК-ның броньды техникаларын дер кезінде жоя алмай қалды. Ал соның салдарынан болған украиналық серпілістер кезінде дрондарды басқаратын мамандардың өздері қаза тапты. Арнайы арналардан қаза тапқан және тұтқынға түскен ресейлік дрон операторларының олжаланған ұялы телефондары мен рацияларын көруге болады.

Роскомнадзордың қабылдаған шешімдері Украинаның шабуылдаушы күштері үшін күтпеген стратегиялық басымдыққа ие болды. Бұл жағдай, ең алдымен, қарсылас тараптың броньды техниканы қолдану тиімділігінен айқын көрініс табуда. Ресейлік ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА) бөлімшелерінің байланыс арналарындағы іркілістер салдарынан нысаналарды дер кезінде жою мүмкіндігі шектелді. Осының нәтижесінде Украина Қарулы Күштерінің техникалары ұрыс даласында жойылмай, оларды келесі операцияларда қайтара қолдануға мүмкіндік туындады. Іс жүзінде, ақпараттық шектеулер қарсыластың әскери техникасының өміршеңдігін арттыруға септігін тигізген жанама факторға айналды.

Байланыс саласындағы мәселелерді шұғыл түрде шешу қажет. Алайда кез келген мәселені шешудің алғышарты — оның бар екенін мойындау. Өйткені мәселе ресми түрде мойындалмаса, оны шешу жолдары да қаралмайды. Украина тарапының қарсы шабуылы жағдайды ушықтырып тұрса да, ресми мінберлерден: «Ресей Федерациясының Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшы Владимир Владимирович Путин қойған Арнайы әскери операцияның мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін барлық қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген», — деген жаттанды есептер тағы да үдей түсті.

Ресми есептерде ресейлік әскери құрылымдарда отандық элементтік базаға негізделген шифрланған байланыс жүйелері бар екені көрсетілген. Алайда іс жүзінде, мысалы, «Азарт» байланыс кешендері пайдаланудағы күрделілігімен (негізінде қарапайым әрі түсінікті болуы тиіс болса да) және олардың айналасындағы тиімсіз шығындар туралы сын-пікірлермен жиі аталады. Сонымен қатар бұл жүйелердің элементтік базасында толықтай отандық құрамдас бөліктердің үлесі шектеулі екені де айтылып жүр. Майдан шебінде қолданылатын байланыс құралдарының әркелкілігі мен жүйесіздігі («алуан түрлі» техникалық шешімдердің қатар жүруі) аталған саладағы ұйымдастырушылық және технологиялық мәселелердің бар екенін жанама түрде аңғартады.

Түйіндей келе, Соғыс кезінде мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекеті ортақ мақсатқа бағытталуы тиіс, бірақ бұл жерде жауапты орган қабылдаған шешімдер жағдайды одан әрі қиындатқан деген пікір бар.

Қазақстан үшін Роскомнадзор мен Telegram төңірегіндегі бұл жағдайдың маңызы — басымдықтар нақты айқындалмаған кезде мемлекеттік аппарат негізгі стратегиялық мақсаттарға жұмыс істемей, кей жағдайда тіпті сол мақсаттарға қайшы келетін салдарға әкелуі мүмкін екенін айқын көрсетуінде. Соғыс кезінде мұндай жүйесіздік мәселені күрделендіреді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Польша Қорғаныс министрі елдің жеке ядролық әлеуетін дамыту жоспарларын жоққа шығарды

Польша армиясының арсеналында жеке ядролық қарудың болуы елеулі талқылау нысаны болып табылмайды. Бұл туралы журналистерге Польша вице-премьері, ұлттық қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш мәлімдеді.

Amazon жылдық табыс көлемі бойынша Walmart-ты басып озып, АҚШ-тағы ең ірі компания атанды

Amazon.com Inc. өткен жылдың қорытындысы бойынша табыс көлемі жөнінен Walmart Inc. компаниясын басып озып, осы көрсеткіш бойынша АҚШ-тағы ең ірі компанияға айналды.

JODI: Сауд Арабиясы желтоқсанда мұнай өндіруді 0,3%-ға арттырып, экспортты 5,3%-ға қысқартты

Сауд Арабиясында желтоқсан айында мұнай өндіру алдыңғы аймен салыстырғанда 0,3%-ға артқан, ал экспорт көлемі 5,3%-ға төмендеген.

АҚШ-тың «Джорджия» атомдық суасты қайығы Шығыс Жерорта теңізінде Кипр маңына жақындады

154 Tomahawk қанатты зымыранын алып жүруге қабілетті Ohio класына жататын АҚШ-тың USS Georgia атомдық суасты қайығы Шығыс Жерорта теңізіндегі Кипр маңындағы ауданға жақындады.