Евразия24Еуразия патриоттарыЕАЭО интеграциясы: экономикалық өсім мен еңбек нарығындағы оң серпін

ЕАЭО интеграциясы: экономикалық өсім мен еңбек нарығындағы оң серпін

|

|

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі экономикалық интеграцияның бизнес жүргізу жағдайларына оң ықпалын жоғары бағалады. Бұл туралы 2024 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша дайындалған баяндамада айтылған. Құжат 14 қазанда ЕЭК Алқасында мақұлданды. Баяндаманың негізгі қорытындыларының бірі – Одақтың ішкі нарығындағы кедергілер санының азаюы. 2023 жылмен салыстырғанда олардың саны 46-дан 36-ға дейін қысқарып, 20%-дан астамға төмендеді. Бұл көрсеткіш кәсіпкерлер үшін өткізу нарықтарының қолжетімділігін арттырып, өзара сауданың кеңеюіне ықпал еткенін көрсетеді. Сондай-ақ түпкілікті нәтижелерді сипаттайтын көрсеткіштер бойынша да оң серпін байқалады. Атап айтқанда, 2024 жылы Одаққа мүше елдердің бір-бірімен қызметтер саудасының көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға өскен. Ал 2022 жылмен салыстырғанда екі жылдағы өсім 42%-ды құрады. Интеграциялық процестер инвестициялық белсенділікті де ынталандырып отыр. 2022–2024 жылдар аралығында мүше мемлекеттердің өзара тікелей инвестицияларының жинақталған көлемі шамамен 17%-ға артқан. «Бұл сандар – жай ғана статистика емес, интеграцияны тереңдетуге бағытталған бірлескен жұмысымыздың нақты нәтижесі. Біз ЕАЭО ортақ нарығында әрбір кәсіпкер өз әлеуетін толық іске асыра алатын тосқауылсыз экономикалық орта қалыптастыру бағытын жалғастырамыз», – деді ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бахыт Сұлтанов.

 

Евразия24 пікірі:

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) 2024 жылғы ЕАЭО интеграциясына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша баяндамасында негізінен макроэкономикалық көрсеткіштерге назар аударғанымен, құжатта Одаққа мүше елдердің азаматтарына тікелей қатысты маңызды мәліметтер де бар. Атап айтқанда, 2022 жылдан бастап ЕАЭО ішіндегі еңбек көші-қоны тұрақты өсім көрсетуде. Баяндамада келтірілген деректерге сәйкес, 2022 жылы ЕАЭО елдерінің басқа мүше мемлекеттерінде еңбек қызметін жүзеге асырған азаматтар саны 739 617 адамды құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 996 034-ке жеткен (өсім – 34,7%), ал 2024 жылы – 1 025 729 адамға дейін артқан (өсім – 2,98%). Бұл көрсеткіштер Одақ аясындағы бірыңғай еңбек нарығының тиімді жұмыс істеп жатқанын және жұмыс күшінің көрші мемлекеттерде кедергісіз еңбек етуіне мүмкіндік бар екенін білдіреді. Еңбек мигранттарының барлығы жұмыссыздықтан кетіп жатқан жоқ: олардың көпшілігі ірі компаниялардың филиалдарында жұмыс істейді, тәжірибе алмасу аясында немесе нақты бір елде бизнесті жергіліктендіру мақсатында жіберіледі. Осылайша, ЕАЭО елдерінде бірыңғай еңбек кеңістігін қалыптастыруда жағымды нәтижелерге қол жеткізілгені байқалады. ЕЭК-тің толық баяндамасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.