Евразия24СаясатЭлектромобильдерге жеңілдік керек: «Ақ жол» фракциясы ұсыныс жасады

Электромобильдерге жеңілдік керек: «Ақ жол» фракциясы ұсыныс жасады

|

|

«Ақ жол» партиясы хабарлайды: «Электромобильдерге арналған жеңілдік шарттардың енгізілуі нақты нәтиже берді: егер 2022 жылы елге бар болғаны 1 245 электромобиль әкелінсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 700-ге жетті, яғни 12 есе артты. Бұл сала өз экожүйесін қалыптастыра бастады – жаңа жұмыс орындары құрылуда, сервистік орталықтар ашылып, жергілікті құрастыру алаңдары іске қосылуда, инфрақұрылым дамып, мамандар даярлануда. Сонымен қатар қуаттау станцияларының желісі де кеңейіп келеді: олардың саны 200-ден 1 200-ге дейін өсті, оның ішінде Алматыда – 400-ден астам, Астанада – шамамен 300, Шымкент пен облыс орталықтарында – тағы 500 нүкте. Алайда электромобильдердің елдегі жалпы автокөлік паркіндегі үлесі әлі де өте аз: Қазақстанда олардың үлесі бар болғаны 0,5%. Салыстырмалы түрде, Қытайда – 35%, Норвегияда – 80%, ал Еуропалық одақ елдерінде – 22%-дан астам. Сондықтан «Ақ жол» фракциясы азаматтардың электромобильдерге көшу үдерісін қолдау аса маңызды деп санайды. Бұл бағыт енді ғана серпін алып келеді, бірақ соның өзінде ауаны ластаушы факторларға балама ретінде айтарлықтай әлеуетке ие. Әсіресе, Астана қаласына дейін таралған улы ауаның әсерін ескерсек, мәселенің өзектілігі арта түседі. Айта кетейік, электромобильдерді жеңілдікпен әкелуге арналған режимнің мерзімі 2025 жылдың соңында аяқталады. Одан кейін электромобильдердің бағасы 30–40 пайызға дейін қымбаттап, сұраныстың төмендеуіне және экологиялық көлік құралдарының дамуының баяулауына әкелуі мүмкін. Жеңілдіктердің тоқтатылуы қалаларымыздағы ауа сапасын жақсартуға қатысты мүмкіндіктерді шектеп, экологиялық ахуалды одан әрі нашарлатуы мүмкін деп санаймыз. (Айта кету керек, Алматыдағы атмосфералық ауаның ластануына 80% жағдайда автокөлік түтіні себеп болып отыр)».

 

Евразия24 пікірі:

Өкінішке қарай, елімізде кейде жақсы бастамалар өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік алмай жатып тоқтап қалады. Үкімет бұл мәселені арнайы депутаттық ұсынысты күтпестен-ақ өз бетінше талдап, жеңілдік режимінің тиімділігін бағалап, оны ұзарту мәселесін күн тәртібіне қоюы тиіс еді. Өйткені қазақстандықтардың жаңа көлікті бірден қолма-қол ақшаға сатып алуға мүмкіндігі шектеулі. Соның нәтижесінде электромобильдер импорты ғана емес, автокредиттеу де айтарлықтай артты, оның ішінде отандық құрастырудағы көліктерге сұраныс та өскен. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында автонесиелеу нарығы бөлшек кредиттеудің ең қарқынды сегменті ретінде өз позициясын сақтап, екінші деңгейлі банктердің несие қоржынының 15,4%-ына дейін ұлғайған. Осы кезеңде банктер 1,2 трлн теңгеге автонесие рәсімдеген, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53% өсім көрсетіп отыр. Қазір электромобильдер тек импорт арқылы жеткізіліп жатқанын ескерсек, олардың бағасына 30–40% көлемінде кедендік алымдар қосылатын болса, халық үшін қолжетімді бағаны сақтау мүмкін емес. Сондықтан электромобильдерге қатысты кедендік жеңілдіктерді ұзарту — елдегі автопаркті жаңартудағы оң үрдісті сақтауда жалғыз мүмкіндік.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.