Евразия24Не болдыАса ірі жымқыру ісі бойынша соңғы күдікті сотқа берілді

Аса ірі жымқыру ісі бойынша соңғы күдікті сотқа берілді

|

|

Мемлекеттік сатып алу жүйесі еліміздегі жемқорлық тәуекелі жоғары салалардың бірі болып қала беруде. Жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі Вьетнамнан аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырды деген күдіктінің экстрадицияланып, ісінің сотқа жолданғанын хабарлады.

«Вьетнам Социалистік Республикасынан ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде 2,5 млрд теңгені жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген тұлға Қазақстанға қайтарылды.

Еске сала кетейік, 2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын.

Алайда тергеу мәліметінше, күдікті РМК директоры Р. К. Сатыбалдиевпен, Мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы Д. Б. Искендеровамен, сондай-ақ «Марк Инвест» және «Direct Services» ЖШС-лерінің жетекшісі А. А. Шинтемировамен алдын ала сөз байласып, жабдықтың құнын үш есеге дейін қолдан көтеру және жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген схеманы ұйымдастырушыдан бөлек, қылмысқа қатысы бар қалған тұлғалардың барлығы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Бюджет тапшылығы жағдайында 2,5 млрд теңге – қылмыстық іс материалындағы жай ғана сан емес. Бұл – салық төлеушілердің қаражаты. Ол сот сараптамасы жүйесін дамытуға немесе мемлекеттік жүйенің өзге де маңызды қажеттіліктеріне жұмсалуы мүмкін еді.

Ең өкініштісі, мұндай ауқымды заңбұзушылыққа жол берген мекеме – қарапайым азаматтық ұйым емес. Мұнда құқықтық саланың мамандары қызмет етеді. Сондықтан олардың мұндай әрекеттердің түптің түбінде әшкереленіп, заң алдында жауапкершілікке әкелетінін жақсы түсінуге тиіс еді. Сонда кейбіреулер үшін қаржының құны бостандықтан да жоғары болғаны ма?

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ФИФА президенті әлем чемпионатын сынағандарды араздықты қоздырды деп айыптады

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино АҚШ, Канада және Мексикада өткен футболдан әлем чемпионатын сынағандардың бәрі араздықты қоздырумен айналысты деп мәлімдеп, оларды өз әрекеттері туралы ойлануға шақырды.

Хуситтер Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымына қайтадан соққы жасағанын мәлімдеді

Хуситтердің әскери қолбасшылығы Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымындағы бірқатар нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Қазақстанда жарты жылда қаржылық қылмыстарға қатысты 500-ге жуық іс бойынша тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) төрағасы Жанат Әлімановты қабылдады. Кездесуде агенттік басшысы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бурабайда IT мамандары мен кәсіпкерлерге арналған технологиялық қалашық салынуы мүмкін

Қазақстан Бурабай курорттық аймағында халықаралық Network School қауымдастығымен бірлесіп технологиялық қалашық құру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.