Евразия24СаясатЗаң бәріне ортақ па?

Заң бәріне ортақ па?

|

|

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми хабарлайды: «БАҚ пен әлеуметтік желілерде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде шомылып жатқан бейнежазбасы жарияланды. Аталған дерекке байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, Көлсай-2 көлі маңында шомылуға тыйым салынатыны жөнінде ескерту белгілерінің орнатылмағаны анықталды. Осыған байланысты бұл әрекеттен ешқандай құқықбұзушылық белгілері анықталған жоқ. Аталған жағдай байқаусыз болған және табиғи аумақтың экологиялық тепе-теңдігіне әсер еткен жоқ. Бұл жағдай — ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристерге арналған ережелер жөнінде жүйелі ақпарат берудің маңыздылығын көрсетіп отыр. Бұл бір жағынан — еліміздің табиғи байлығын сақтауға, екінші жағынан — Қазақстанды экологиялық және жауапты туризм бағыты ретінде ілгерілетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, Павел Дуровтың 10 миллионнан астам жазылушысы бар жеке аккаунтында жарияланған бейнематериал имидждік сипатта болды және Қазақстан табиғатының көркемдігін халықаралық аудиторияға танытуға ықпал етті. Мұндай кең ауқымдағы ақпараттық әсер — еліміздің туристік әлеуетін арттыруға қосылған маңызды үлес.

 

Евразия24 пікірі:

Егер Көлсайда шомылған азамат Ресейден келген Павел Дуров емес, қарапайым қазақстандық болғанда, бұл әрекет еш ескертусіз қалмас еді деп болжауға толық негіз бар. Мұндай жағдайда ескерту белгілерінің болмауы да, көлдің ерекше қорғалатын аймақ екендігін білмеуі де жауапкершіліктен құтқара қоймас еді. Жақында ғана осыған ұқсас жағдай орын алған: 2025 жылдың сәуір айында Түркістан облысында бір әйел ашық далада қызғалдақ терген. Кейін белгілі болғандай, бұл гүлдер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, шамамен 12 миллион теңге айыппұл салынды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Павел Дуровтың әрекетіне байланысты ресми түсініктеме беріп қана қоймай, Telegram мессенджерінің негізін қалаушыға Қазақстанның табиғи сұлулығын жаһандық аудиторияға танытқаны үшін ризашылығын білдіре жаздады. Бұл ретте министрлік видеоматериалдың имидждік сипатқа ие болғанын және Павел Дуровтың 10 миллионнан астам оқырманы бар парақшасында жарияланғанын ерекше атап өтті. Ведомство мұны еліміздің туристік әлеуетін ілгерілетуге қосылған елеулі үлес деп бағалады. Алайда мұндай баға қоғамда заңның бірізді қолданылуына қатысты сұрақтар туындатады. Павел Дуров – Қазақстан үшін маңызды ІТ жобаларды жүзеге асырып жатқан, Президенттің қолдауына ие беделді тұлға. Бірақ бұл оның еліміздің табиғат қорғау ережелерін бұзуына жол береді дегенді білдіре ме? Министрліктің бұл ұстанымы жұрт арасында екіұдай пікір тудырып отыр. Заңның талабы бәріне ортақ болуы тиіс. Бұл жағдай қоғамда заңның таңдамалы түрде қолданылуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтіп отыр.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.