Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-министрі инфляцияны тежеу және тұтынушылық несиелеуді бақылау шараларын күшейтуді тапсырды

Қазақстан Премьер-министрі инфляцияны тежеу және тұтынушылық несиелеуді бақылау шараларын күшейтуді тапсырды

|

|

АСТАНА. 14 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сыртқы нарықтардан келіп жатқан инфляциялық қысым аясында бағаны тұрақтандыру және тұтынушылық несиелеуді реттеу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

«Инфляциялық үдерістерді төмендету үшін ең алдымен тұтыну бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Ішкі нарықты отандық өніммен барынша қамтып, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын жедел қалыптастыру қажет. Сондай-ақ тұтынушылық несиелеуді тұрақтандыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдануы тиіс», – деді Үкімет басшысы сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-министр бөліп төлеу шарттарына бақылауды күшейту қажеттігін еске салды.

«Банктер, кредиттік ұйымдар мен сауда орындары тауар бағасына кіретін бөліп төлеудің толық құнын және несиелеу кезіндегі барлық артық төлемдерді ашық көрсетуі тиіс», – деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты ол түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастыруды тапсырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.