Евразия24Басты бетАрмения – манипуляциялық озық технологиялар мүмкіндігінің айқын үлгісі

Армения – манипуляциялық озық технологиялар мүмкіндігінің айқын үлгісі

|

|

Елуге жуық мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері заманауи ақпараттық қоғамдағы саяси технологиялардың пәрменділігіне көз жеткізу мақсатында Ереван саммитіне жиналды. 2020 жылғы 27 қыркүйек пен 10 қараша аралығында болған Екінші Қарабақ соғысына дейінгі «ескі әлем» тәртібі бойынша, Армения премьер-министрі Арцахтан (Таулы Қарабақ) айырылғаны үшін ең кемі билігінен, тіпті бостандығы мен өмірінен де айырылуы мүмкін еді. Алайда қазіргі жаңа таңда Никол Пашинян Еуропалық саяси қоғамдастықтың сегізінші отырысы мен Армения – ЕО алғашқы саммиті аясында меймандар арасында ерекше серпінмен бой көрсетті.

Арменияның дәстүрлі саяси мәдениетінде негізсіз кеңестерге құлақ аспау қалыпты жағдай саналып келген болатын. Алайда, Пашинян билігі тұсында бұл архетип бұзылып қана қоймай, түрлі тиімсіз нарративтерді соқыр сеніммен орындауға бағытталған мүлдем қарама-қайшы сипатқа ие болды.

Еуропалық саяси қоғамдастық пен Армения – ЕО саммиттеріне қатысушы меймандардың құрамы өте өкілетті. Сонымен қатар, олардың да өз «жетістіктері» жоқ емес. Мәселен, Франция президенті Эммануэль Макронның мақұлдау рейтингі сәуір айында небәрі 20%-ды құрады (бұл ретте респонденттердің 63%-ы оның саясатын қолдамайтынын білдірген). Егер шартты түрдегі демократиялық мемлекеттердегі электораттың 14%-ы кез келген қолданыстағы билікке дауыс беретін тұрақты топ екенін ескерсек (яғни, басшы ауысса да, бұл топ жаңа жетекшіні қолдай береді), онда Франция президентінің нақты қолдау деңгейі іс жүзінде 6%-дан аспайды.

Еревандағы бұл оқиғаларды өз көзімен көруге Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де келді. Ол пандемия кезеңінде ЕО-ның 450 миллион халқы үшін 70 миллиард еуроға 4,5 миллиард доза вакцина (әр адамға 11 дозадан келеді) сатып алған болатын. Ұзаққа созылған күрделі тергеу амалдарынан кейін сот аталған шенеуніктің мұндай мәселелер бойынша қудалаудан қорғайтын иммунитеті бар деген шешім шығарды. Демек, ол вакцина сатып алуға 170 миллиард еуро жұмсаса да болар еді, бірақ ол кезде өз мүмкіндіктерінің ауқымын әлі толық сезінбеген көрінеді.

Еуропалық дипломатияның басшысы Кая Калластың тұлғасы да ерекше назар аудартады. Оның кәсіби біліктілігіне қатысты сыни көзқарастар жиі айтылады: ол Қытай дипломатиялық қызметінің жетекшісі Ван Иден бастап, мамандандырылған саяси басылымдардың журналистеріне дейінгі кез келген сұхбаттасушысын өзінің ұстанымдарымен таңғалдыра алады. Тіпті, кәсіби қызметіндегі қарапайым білімінің олқылығымен танымал болған Анналена Бербок та Калластың тасасында қалып қойғандай әсер қалдырады.

Саммитке Украина президенті Владимир Зеленский де қатысты. Қазіргі уақытта майдан шебіндегі жағдай оның әкімшілігі үшін салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, соғыс аяқталған жағдайда ел сайлаушылары тарапынан «бұл не болды?» деген заңды сұрақ туындайтыны анық. Сондай-ақ, халықтың қасіреті есебінен жасалған жемқорлықтың ауқымын тым болмаса бірнеше есе азайту мүмкіндігі де қоғам талқысына түсетін болады.

Украина ақпараттық манипуляция технологияларының пәрменділігін тағы да паш етіп отыр. Бүгінде әскери түйісу шебіндегі Украина Қарулы Күштерінің негізгі соққы беруші күші — есейген шағы 2014-2022 жылдарға тұспа-тұс келген жас дрон операторлары. Дәл осы Майданнан кейінгі кезеңде олар батыстық насихаттың ықпалында болып, русофобия мен антикеңестік идеологияның негізгі қағидаттарын бойына сіңіріп өсті. Нәтижесінде Қызыл армия жауынгерлері мен командирлерінің ұрпақтары рационалды сын көтермейтін саяси ұстанымдар үшін күресуге даяр радикалды көзқарас иелеріне айналды.

Дегенмен Киев билігі соғыстан кейінгі саяси бейімделу кезеңінен әлі өткен жоқ. Ал Никол Пашинян мен оның командасы саяси тұрғыдан қайта топтасып, өз ұстанымдарын сақтап қалуға қол жеткізді. Әрине, премьер-министрдің жеке мүмкіндіктері қаншалықты жоғары болса да, мұндай күрделі міндетті жалғыз жүзеге асыру мүмкін емес еді. Бұл үшін армян қоғамының сан алуан топтарымен барлық деңгейде жұмыс істейтін кәсіби әрі жеткілікті ресурстармен қамтылған ауқымды команда қажет болды.
Ереванда өткен еуропалық және еуропалық емес (Канада Жаңа Дүниедегі Еуропаның үлгілі «перзенті» саналатындықтан, «Үйеңкі жапырағы елінің» премьер-министрі Марк Карнидің қатысуы қисынды болды) саясаткерлердің бұл саммиті – 2026 жылғы 7 маусымға жоспарланған парламенттік сайлау қарсаңындағы PR-технологиялар мен манипуляциялық алгоритмдердің бір бөлігі.

Тіпті Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Еуропалық саяси қоғамдастық қатысушыларына жолдаған бейнеүндеуі де қандай да бір жолмен қолданыстағы биліктің пайдасына шешілетіндей етіп ұсынылады. Никол Пашинянның бүкіл армян каталикосы Гарегин II-мен ашық текетіреске түсіп, Армян апостолдық шіркеуінің басшысын ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ұстап отырғанына қарамастан, өзінің саяси рейтингін жоғалтпағанын ескерсек, бұдан былай ештеңеге таңғалудың қажеті жоқ. Дәлірек айтсақ, армян халқының мәдени кодын іс жүзінде «қайта өңдеген» заманауи технологиялардың пәрменділігі еріксіз таңдай қақтырады.

Қазіргі уақытта Рустави қаласындағы түрмеде отырған Михаил Саакашвили өзінің Грузия президенті болған кезеңінде манипуляция жасаудың мұндай озық технологияларының болмағанына өкінетін де болар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жекеменшік емханалар мемлекетпен соттасуда

Қазақстанның әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кезекті проблемаларды жауапкершілікті өзге тарапқа ысыру арқылы шешу үрдісі байқалады. Жеке сектор халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік міндеттерді орындағанымен, кейіннен өз қаражатын алу үшін соттасуға мәжбүр.

Алматылық жүргізушілер көш бастап тұр

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жүргізушілер үлесінің жоғары екені анықталды. Алайда, автокөлік иелерінің жартысынан көбі ереже бұзбаған жағдайда, қаланың жол-көлік оқиғалары бойынша республикада тұрақты түрде алда тұру себебі сұрақ туындатады.

Қазақстан азық-түлік бағасы арзан елдердің қатарында

Халықаралық рейтингтерге байыппен қарау қажеттігін негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы туралы ақпарат айқын көрсетеді. Әсіресе, Нью-Йорк көрсеткіштеріне негізделген есептеулерге сынмен қараған жөн.

«Үлкен жетілік» те «Балтық жолбарыстарының» кебін киді

Эвиан-ле-Бендегі G7 саммиті «Үлкен жетіліктің» құлдырауын айқындайтын өзіндік кезеңге айналды. Бұл процесс 1973 жылы мұнай дағдарысына жауап ретінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, ГФР және Жапонияның (кейінірек олардың қатарына Италия мен Канада қосылды) қаржы министрлерінің бас қосуынан басталған болатын. Ол кезеңде G7 күрделі мәселелерді тиімді шеше алғанымен, қазіргі уақытта бұл қабілетінен айырылды. Мұнымен қоса, аталған кездесудің АҚШ-тың Иранмен соғыстағы жеңілісі ресми түрде тіркелген сәтке тұспа-тұс келуі үлкен мәнге ие. Құлдырау үдерісі ішінара немесе үзінді сипатта болмайды, демек, ұжымдық Батыстың барлық бағыттағы ықпалы әлсіреп барады.