Тег: ауыл шаруашылығы

Мұнай арзандап жатыр, Brent бағасы барреліне 86,7 долларға түсті

Сәрсенбі күні таңертең әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеуін жалғастырды. Бұған Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру мәселесінде ілгерілеушілік байқалуы әсер етті.

Тоқаев Құрылтайға 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды ұсынбақ

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына заң жүзінде тыйым салу жоспарланып отыр

Қазақстанда дарынды балаларды қолдауға арналған қосымша шаралар қабылданады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды ынталандыру тетіктерін кеңейтуді тапсырды.

Қазақстан Құрылтайының алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Өңірлік агросаясат: Бірлескен қадам

Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерінің алғашқы кездесуі Ташкент қаласында өтті. Іс-шарада өңірлік ынтымақтастықты дамыту, орнықты ауыл шаруашылығын ілгерілету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Ауыл шаруашылығын қаржыландыру: мемлекет кімдерді қолдайды?

Соңғы уақытта ауыл шаруашылығы еліміздегі басты жаңалықтардың өзегіне айналды. Бұған бірнеше маңызды себеп бар. Біріншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі күзгі егін орағының нәтижелері мен қысқа дайындық жұмыстары бойынша есеп беріп жатыр. Екіншіден, бұрын ашық айтылмаған бір мәселе белгілі болды: мемлекет фермерлерге өткен жылдардағы субсидиялар бойынша 341 млрд теңге қарыз. Үшіншіден, Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр Олжас Бектеновке субсидиялаудың нормалары мен бағыттарын анықтау құқығын фермерлердің өздеріне беруді ұсынды.

Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесі қайта қарастырылмақ

Ауыл шаруашылығын қолдау жүйесі жыл сайын миллиардтаған теңге қаржыны талап етіп отыр.2025 жылы бұл көрсеткіш 1 триллион теңгеге жеткен. Алайда аталған жүйе ашықтықтың, нысаналы бағыттың және тиімділіктің жоқтығынан өз тиімділігін көрсете алмады.

Президент тапсырмасы: ауылға цифрлық серпін

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар, Президент мал шаруашылығының әлеуетін толық ашу қажеттігін атап өтті. «Жыл соңына дейін мал шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленеді. Бұл құжат ұзақ мерзімге жеңілдетілген қаржы тартуға мүмкіндік береді. Экономиканың барлық саласында ашықтық пен тиімділікке толық цифрландыру арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Бұл мәселе жөнінде мен Жолдауымда арнайы тоқталдым.

Қазақстанда су тапшылығы 80%-ға жетті

World Resources Institute (WRI) Су ресурстары тәуекелдерінің Атласын және су тапшылығы ең жоғары 25 елдің тізімін жаңартты. Қазақстандағы су тапшылығы деңгейі 40–80% аралығында бағалануда – біз сырттан келетін су ресурстарының барлығын тұтынып отырмыз. Осыған байланысты еліміз аталған рейтингтің көш басындағы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар екі жағымды жаңалық бар. Біріншіден, Қазақстанға қарағанда су тапшылығы әлдеқайда жоғары елдер бар – Бахрейн, Ливан, Катар, Египет, Кувейт, Оман, Израиль және басқа мемлекеттер.

Тоқаев Құрылтайға 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды ұсынбақ

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына заң жүзінде тыйым салу жоспарланып отыр

Қазақстанда дарынды балаларды қолдауға арналған қосымша шаралар қабылданады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды ынталандыру тетіктерін кеңейтуді тапсырды.

Қазақстан Құрылтайының алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанның рейтингі көтерілгенімен, экономикалық тәуекелдер сейілген жоқ

S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның ұзақ және қысқа мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінен «BBB/A-2» деңгейіне көтеріп, болжамды «тұрақты» деп белгіледі. Агенттік бұл шешімге ел экономикасының орнықтылығын, 2026 жылдың алғашқы жартысында жалпы ішкі өнімнің 4,1%-ға өсуін және бюджет тапшылығын қысқарту бағытындағы шараларды негіз еткен. Дегенмен агенттік Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін бірқатар факторды да атап көрсетеді. Соның ішінде мұнай тасымалының басым бөлігі Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына тәуелді. Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ы осы бағытпен экспортталады. Сондықтан құбыр жұмысындағы кез келген үзіліс сыртқы жеткізілім көлеміне тікелей әсер етуі ықтимал. Бұдан бөлек, мемлекеттің қарыз тарту құны өсіп, оны өтеуге жұмсалатын шығын да артып келеді. Қарызға қызмет көрсету шығыны бюджет кірісінің 10%-ынан асып, 2027 жылы 11,4%-ға жетуі мүмкін. Сондай-ақ құны 14–15 млрд доллар болатын атом электр станциясының құрылысы қандай қаражат есебінен қаржыландырылатыны әзірге нақтыланбаған. S&P есебінде 2028 жылға қарай ағымдағы шот тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,7%-ына дейін ұлғаюы мүмкін екені де көрсетілген.