Тег: Олжас Бектенов
130 млрд долларлық баж: сот Трамп әкімшілігіне қаражатты қайтаруды жүктеді
АҚШ-тың Халықаралық сауда мәселелері жөніндегі федералдық сотының судьясы Ричард Итон ел президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне өткен жылы енгізілген жаһандық импорттық баждар есебінен жиналған 130 млрд доллардан астам қаржыны импорттаушыларға қайтару рәсімін бастауды міндеттеді.
БАӘ әскери күштері алты баллистикалық зымыран мен 120-дан астам дронды атып түсірді
Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғанысы жүйелері бейсенбі күні алты баллистикалық зымыран мен 125 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді. Бұл туралы The National басылымы хабарлады.
Франция БАӘ-ге қосымша алты Rafale жойғыш ұшағын жіберді
Францияның Қарулы күштер министрі Катрин Вотрен Париж Біріккен Араб Әмірліктеріне қосымша алты Rafale жойғыш ұшағын жібергенін мәлімдеді.
ИРСК Израильдегі Бен-Гурион әуежайына ауыр зымырандармен соққы жасалғанын мәлімдеді
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) бейсенбі күні таңертең Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион атындағы әуежайға зымырандар атылғанын хабарлады.
Қазақстан АІ орталығын ашады
«Хабар» телеарнасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында жұмыс істеп жатқан қазақстандық сүт өнімдерін өндірушілердің жағдайына қатысты қызықты сюжет көрсетілді. Онда сала өкілдері бәсекелес елдер тарапынан демпингке ұшырап, теңсіз жағдайда қалғандарын айтты. Ақмола облысындағы ірі сүт өңдеу кәсіпорнының басшысы бұл жағдайды ашық түсіндіріп берді: «Бүгінде Беларусь пен Ресей тарапынан демпингтің болу себебі — бұл елдерде шикізаттың бағасы бізбен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Өйткені оларда мал азығын дайындау тәсілі басқаша, электр энергиясы мен жанар-жағармай арзанырақ. Сонымен қатар, көршілес мемлекеттерде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының тетіктері де өзгеше».
Балалар қылмысы неге азаймай тұр?
Жуырда бір топ Мәжіліс депутаты Премьер-Министр Олжас Бектеновке балалар арасындағы құқықбұзушылық пен олардың қорғансыздығы мәселелерінің алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрап, ресми өтініш жолдады. Бір қарағанда бұл екі түрлі әлеуметтік мәселе болып көрінгенімен, бір-бірімен тығыз байланысты. Депутаттар талап етіп отырған бірқатар шешімдер бұған дейін қабылданғанымен, іс жүзінде іске аспай отыр. Осы жағдайдың себептерін біз зерделеп көрдік.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен ауыр құқықбұзушылық толастамай отыр. Жаңа оқу жылы басталғалы бері Жамбыл облысының өзінде үш бірдей қайғылы оқиға тіркеліп, нәтижесінде үш жасөспірім қаза тапты.
Тоқаев пен Путин диалогы жаңа жобаларға жол ашты
Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин арасындағы сенімді диалог пен тұрақты байланыс арқасында елдер арасында берік экономикалық, мәдени және гуманитарлық қатынастар қалыптасқанын атап өтті. Қос тарап арасындағы байланыс ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік пен одақтастық аясында тұрақты түрде кеңейіп жатыр.
Жылусыз қалалар қаупі қайта төнді
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр бірқатар өңірлерде жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталмауынабайланысты туындаған тәуекелдерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Ақмола облысындағы Степногорск ЖЭО-да резервтік қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Маңғыстау облысындағы ЖЭО-2-де екі турбинаныжөндеу мерзімі кейінге шегерілген. Сондай-ақ, Ақтау қаласының жылужелілерін қайта жаңғырту жұмыстары баяу қарқынмен жүріп жатыр. Мұндай мәселелер барлық өңірлерде бар. Біз бірқатар өңір әкімдерінің есептерін тыңдадық.
Қазақстан 2026 бюджетін Ұлттық қорсыз қалыптастыруда
Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Ұлттық қордың қаражатын бюджеттің кем-кетік тұстарын жамауға пайдалануды біртіндеп доғаруға бет алған сыңайлы. Бұл – Мемлекет басшысының қаржы-экономика блогына қойған талабының жеткенін көрсетеді. Дегенмен бұл бағытта нақты нәтижеге қол жеткізу – басқа мәселе. Себебі бюджет параметрлерін өзгертуге, жоспарланған мақсаттар орындалмай жатқан жағдайда, кез келген сәтте баруға болады. 2025 жылдың 26 тамызында Үкімет отырысында 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды.
БАӘ әскери күштері алты баллистикалық зымыран мен 120-дан астам дронды атып түсірді
Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғанысы жүйелері бейсенбі күні алты баллистикалық зымыран мен 125 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді. Бұл туралы The National басылымы хабарлады.
Франция БАӘ-ге қосымша алты Rafale жойғыш ұшағын жіберді
Францияның Қарулы күштер министрі Катрин Вотрен Париж Біріккен Араб Әмірліктеріне қосымша алты Rafale жойғыш ұшағын жібергенін мәлімдеді.
ИРСК Израильдегі Бен-Гурион әуежайына ауыр зымырандармен соққы жасалғанын мәлімдеді
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) бейсенбі күні таңертең Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион атындағы әуежайға зымырандар атылғанын хабарлады.
Қазақстан парламенті Австриямен реадмиссия туралы келісімді ратификациялады
Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.




