Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстан көмірі Еуропа нарығына қайта жол тартты

Қазақстан көмірі Еуропа нарығына қайта жол тартты

|

|

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылдың ақпанында Еуропалық Одақтың 16-шы санкциялық пакеті аясында Ресейдің бірқатар порттарымен кез келген мәміле жасауға тыйым салынған. Бұл шешім Қазақстан көмірінің Еуропа нарығына тұрақты жеткізілуіне қауіп төндірді. Атап айтқанда, Усть-Луга порты – Қазақстан көмірін Еуропа елдеріне жеткізуде дәстүрлі түрде пайдаланылып келе жатқан негізгі транзиттік нүкте. Осыған байланысты қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның ЕО жанындағы өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен әртүрлі деңгейде келіссөздер жүргізді. Еуропалық комиссияға санкциялық тізімді қайта қарау және Қазақстан көмірін транзиттеу мақсатында аталған порттарға қатысты шектеулерді алып тастау жөнінде ресми өтініш жолданды. Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде ЕО-ның 18-ші санкциялық пакеті аясында белгілі бір ресейлік порттар арқылы Қазақстан көмірін транзиттік тасымалдауға қатысты тыйым алынып тасталды. Бұл қадам Қазақстан мен Еуропалық Одақарасындағы экономикалық ынтымақтастықтың сақталуына және энергия ресурстары саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Евразия24 пікірі:

Қазақстан дипломатиясының жоғары деңгейіэкспорттық маңызды тауарлардың бірі болып саналатын көмірді жанама екінші деңгейлі санкциялардың шеңберінен шығара білуімен айқындалды. Алайда бұл үдерістек Қазақстан үшін тиімді шешім ғана емес, Еуропа үшін де қажетті қадамболып отыр. Қазіргі энергетикалық жағдайды ескерсек, әсіресе газ нарығындағы күрделі ахуал аясында, Еуропа елдері үшін көмір – отын қажеттілігін өтеудің баламалы тетігіне айналды. Сондықтан ЕО аумағына Қазақстан көмірінің Ресейдің санкция салынған порттары арқылы транзитпен қайта жеткізіле бастауы — қайырымдылық емес, өзара пайдалы, прагматикалық шешім. Айта кету керек, Еуроодақ бұл шектеулерді бірқатар шарттармен жұмсартты. Атап айтқанда, транзитке рұқсат тек Қазақстанда өндірілген көмірге ғана беріледі; бұл көмірге меншік құқығы санкцияланған мемлекеттердің резиденттерімен байланысы жоқ тараптарға тиесілі болуы тиіс; порт аумағында көмір тек уақытша сақтау мен жөнелту мақсатында болуы қажет, ал ол жерде ешқандай коммерциялық мәміле жасалмауы тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі қазіргі келіссөздер күтілгеннен нәтижелі болуы мүмкін

Қазіргі кезеңде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер көпшілік күткендегіден анағұрлым нәтижелі болуы ықтимал

Египет пен Түркия байланыстарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріп, қару-жарақ өндірісі мен барлау саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр

Египет пен Түркия өзара қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруді, қару-жарақты бірлесіп өндіруді және барлау деректерімен алмасуды көздеп отыр

Қазақстан Мәжілісі еңбек құқықтарын қорғауға қатысты түзетулерді қабылдады. Құжатта әкелерге берілетін бала күтімі демалысын еңбек өтіліне есепке алу ұсынылады

Қазақстан Мәжілісі еңбек құқықтарын қорғауға қатысты түзетулерді қабылдады. Құжатта әкелерге берілетін бала күтімі демалысын еңбек өтіліне есепке алу ұсынылады

Қазақстан Мәжілісі ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялауды мақұлдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңды қабылдады.