Евразия24ҚоғамХалық неге заңды әртүрлі қабылдайды?

Халық неге заңды әртүрлі қабылдайды?

|

|

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтанушы Айгүл Забирова былай деп хабарлады: «Америкалық саясаттанушы Инглхарт пен француз социологы Бурдьенің зерттеулері адамның мінез-құлқы тек объективті жағдайлармен ғана емес, сонымен қатар оның ішкі мағыналық құрылымымен, яғни шынайылықты қалай қабылдайтынымен анықталатынын әлдеқашан дәлелдеген. Бір заңды бір адам мемлекет қамқорлығы ретінде қабылдаса, екіншісі оны соққыретінде қабылдауы мүмкін. Бағаның бір деңгейдегі өсуін біреу қолдауы ықтимал, ал екіншісі – мүлде керісінше. Бұл жай ғана пікір емес, бұл – адамның әлемге беретін мағынасы, оның қалыпты жағдай жөніндегі өзіндіктүсінігі. Бұдан бөлек, біз өз-өзін іздеп жүрген елде өмір сүріп жатырмыз. Бұлізденіс оңай емес, себебі ол тек саясат, экономика немесе жобалартөңірегінде ғана емес. Бұл – біз ұзақ уақыт бойы елемей келген адам туралы, бұл – азамат туралы. Мүмкін, бүгінгі өзгерістердің ең маңыздысы да – осы. Дәл осы ой «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасының өзегінде жатыр».

Евразия24 пікірі:

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) халықтың әлеуметтік байланыстары, әділеттілікке көзқарасы, мемлекетке деген сенімі сынды тақырыптар бойынша тұрақты түрде әлеуметтік зерттеулер жүргізіп келеді. Аталған зерттеулердің нәтижелері әрдайым бір-біріне сәйкес келе бермейді: ҚСЗИ ұсынған қорытындылар әдетте сәл оптимистік сипатқа ие, ал тәуелсіз әлеуметтанушылардың мәліметтері шынайы өмірге жақын. Мұндай айырмашылықтар – сауалнамалардағы іріктеме көлемі мен әдістемесіне байланысты туындайтын қалыпты құбылыс. Дегенмен, әлеуметтңкзерттеулер мемлекеттік басқару үшін пайдалы құрал болып саналады. Олар билікке халықтың нақты қажеттіліктерін түсінуге көмектеседі, ал бұл қажеттіліктер кейде мемлекеттік органдардың ресми есептерінде көрініс таппай жатады. Тіпті, кейбір өңірлік әлеуметтік мәселелерге Мемлекет басшысының жедел әрекет етуі де – әлеуметтанудың жетістігі деуге болады. Себебі әлеуметтік желілер арқылы таралатын деректер мен азаматтық үн қосулар билік пен халық арасындағы байланыс арнасына айналып келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.