Евразия24Таңдаулы жаңалықтарКелісімдер қақпанындағы Қазақстан

Келісімдер қақпанындағы Қазақстан

|

|

Энергетика саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов хабарлайды: «2025 жылы ең жоғары өсімді италиялық ENI компаниясының акциялары көрсетті. Қашаған мен Қарашығанақ жобаларының арқасында ENI мұнай саласындағы жоғары лигаға шықты. 2000 жылдардың басында ENI компаниясының бас директоры Паоло Скарони: «Қашағанның алып қоры арқасында ENI мұнай бизнесінің жоғары лигасына көтерілу мүмкіндігіне ие болды. ENI Қашағанға дейінгі компания емес», – деп айтқан болатын. Кашаган жобасының арқасында 2000 жылдары көптеген италиялық мердігерлер мен жеткізушілер елеулі табыс тапты».

 

Евразия24 пікірі:

Мәселе енді Қазақстанның 1990-жылдардан бері шетелдік компаниялардың капитализациясын өз табиғи ресурстары есебінен жанама түрде қолдап келгені дұрыс па, бұрыс па? Мұндай мәселе жоқ. Ең басты сұрақ — еліміз шетелдік мұнай алыптарымен арадағы қарым-қатынасты өзгертетін сәтке жетті ме? Бұл қадам инвестициялық имиджге нұқсан келтірмей, халықаралық арбитражда жеңіліп қалу қаупін тудырмай, қолда бар технологиялардан айырылмай іске асырылуы тиіс. Алайда қазіргі жағдайды ескерсек, шетелдік мұнай экожүйелері Қазақстаннан кетуге, немесе жұмыс тәртібін өзгерткісі келмейді. Себебі шетелдік инвестициялар әлдеқашан өзін-өзі ақтаған, ал қазіргі таңда өндіру процесі — тұрақты таза табыс көзі. Бұл табыстан бас тарту қандай да бір тарап үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Ал келісімшарттардың қайта қаралуы табиғи ресурстарға бай өзге елдер үшін де қауіп төндіретін құқықтық прецедентке айналуы мүмкін. Сондықтан “ұлттық мүдде” мен “мемлекеттің институционалдық жетілуі” туралы айтылатын пікірлер қазіргі жағдайда маңызды болғанымен, нақты жүзеге асу ықтималдығы төмен. Өйткені мұндай келісімшарттарды қайта қарау — күрделі әрі нақты құқықтық тетіктері айқындалмаған мәселе.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.