Евразия24ҚоғамЕкпе туралы шындық

Екпе туралы шындық

|

|

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде мәлімдейді: «Әлеуметтік желілерде таралған «арзан вакциналар сатып алынып, балалардың ауруына себеп болып жатыр» деген мазмұндағы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған ақпарат Нархоз университетінің профессоры ретінде ұсынылған Күлзада Абдрахманқызы Әбенованың журналист Айнұр Асанберді жүргізген «Әңгіме бар» подкастындағы сұхбатына қатысты таралған. Республика аумағында Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес қолданылатын барлық вакциналар халықаралық және ұлттық сараптаманың бірнеше кезеңінен өтеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) талаптары мен ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат беріледі. Вакциналарды сатып алу барысында негізгі назар олардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігіне аударылады. «Арзандығы» вакциналарды таңдау өлшемшарты болып табылмайды. Сатып алу кезінде келесі талаптар ескеріледі: ДДҰ преквалификациясының немесе қатаң реттеу жүйесі бар елдерде тіркелгендігі, клиникалық зерттеулер нәтижелері, халықаралық GMP (жақсы өндірістік тәжірибе) стандарттарына сәйкестігі, тіркеуден кейінгі қауіпсіздік мониторингі деректері. «Вакциналар балаларда ауру тудырады» деген пікірлердің ешқандай ғылыми дәлелі жоқ және бұл ДДҰ мен өзге де халықаралық ұйымдардың көпжылдық зерттеулеріне қайшы келеді.

Керісінше, вакцинация әлемде қауіпті инфекциялық аурулардан сырқаттану мен өлім-жітімді айтарлықтай азайтып, мыңдаған ауыр асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алды».

 

Евразия24 пікірі:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне денсаулық сақтау саласындағы түрлі мәселелерге байланысты сын жиі айтылады. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты үздіксіз реформалар, қызмет көрсету сапасы, әсіресе ауылдық жерлердегі медициналық көмектің қолжетімділігі – көпшіліктің алаңдаушылығын тудыратын бағыттар. Алайда вакцинация арқылы басқарылатын вирустарға қарсы екпелерді жүргізу ісінде бұл жүйе ондаған жылдар бойы нақты әрі тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл салада жылдар бойы қалыптасқан тәжірибе мен нақты нәтижелер бар. Алайда, вакцинацияға қарсы пікірлерді қарапайым азаматтар емес, кәсіби медицина қызметкерлері ашық білдіре бастаған жағдайда, бұл қоғамда антивакциналық көзқарастың ушығуына ықпал етеді. Соңғы жылдары елімізде мұндай үрдіс анық байқалып отыр және оның салдары да жоқ емес. 2023 жылы елімізде соңғы он жылдағы ең ірі қызылша індеті тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, сырқаттанған 30 мыңға жуық адамның 80%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрады, олардың көпшілігі алдын ала екпе алмаған. Екпеден бас тарту немесе жоспарлы вакцинациядан жалтарудың себептері – көбіне негізсіз, ғылыми дәлелге сүйенбейтін пікірлер. Көптеген азаматтар интернеттен алынған, ғылыми негізі жоқ ақпаратқа сеніп, мысалы, вакцинаның аутизммен байланысы туралы баяғыда жоққа шығарылған жалған ақпаратқа иек артады. Мұндай шешімдер өз денсаулығына ғана емес, балалардың өміріне де қауіп төндіріп, ұжымдық иммунитет деңгейінің төмендеуіне себеп болады. Осыған байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Емделушілер тарапынан сенім аз болғанына қарамастан, профилактикалық екпенің пайдасы туралы нақты және дәйекті ақпаратты ұдайы жеткізу қажет.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.